ӨРКЕНИЕТТІҢ ИГІЛІГІ
Среда, 25 Сентябрь 2024 12:13«Электр қуатының тапшылығын азайту үшін атом электр станциясының маңызы зор. Елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтап, түрлі салада топ бастауымыз үшін АЭС бой көтеруі керек. Ал АЭС қызметі мен салынуына, ел азаматтарын тұрақты жұмыспен қамтуға мемлекет қауқарлы екенін, жасыл энергетиканы дамытудағы атом энергетикасының үлесі мол болмақ». Бүгінгі өткен жиында халық қалаулылары осындай пікір білдірді. Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков қаладағы Жұмабек Тәшенов атындағы университет қызметкерлерімен кездесіп,⠀референдум, атом электр стансасының болашағы жайлы пікір алмасты. Жиынды Университет ректоры Қанат Байболов жүргізіп отырды.⠀ ⠀
⠀
– Халықтың жақсы өмір сүруі үшін экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты даму өте маңызды. Заман талабына сай елдің қажеттілігі де артып жатыр. Қазір біз үшін энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақтылыққа қолжеткізу өте маңызды. Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді. Алайда жұмыс істеп тұрған станциялардың 70%-ы тозып жатыр. Сондай-ақ, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Сондықтан энергетика тапшылығының алдын алу үшін АЭС салу ең ұтымды шешім болмақ, – дейді сенатор Нұрлан Бекназаров. ⠀
⠀
Сондай-ақ, сөз алған Нұртөре Жүсіп, Айгүл Қаппарованың да ойы бір жерден шығып, халық арасындағы атомға байланысты үрей мен қоқыныштан арылатын кез келгенін, егер АЭС салынса, құрылысы халықаралық МАГАТЭ стандартымен және сарапшыларының бақылауымен салынатынын түсіндіре келе, өркениеттің игілігін дұрыс пайдалану керек деген тұжырымдарын айтты. ⠀
⠀
Университет қызметкерлері мен студенттері өз кезегінде атом электр станциясын салу туралы, алдағы референдумға қатысты мазалаған сұрақтарын қойды. Бұл қатысушыларға талқыланған мәселенің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.⠀
Жиын соңында Парламент депутаттары ел болашағы үшін маңызды бастамаға қолдау көрсетіп, референдум кезінде белсенді болуға шақырды.
АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ СЕКТОРЛАРЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Среда, 25 Сентябрь 2024 12:01Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «Мәртөбе» мөлтек ауданында орналасқан сүт өнімдерін өндіретін «Intermilk Kazakhstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова және мәжілісмен Данабек Исабеков бастаған Халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымына Мемлекет басшысының халыққа жолдауын талқылай келе, энергетика саласындағы мәселелер, электр өндірісін өркендетудегі кедергілер және атом электр станцияларының пайдалы тұстары жайында пікір білдірді.⠀
⠀
– Елімізде жылдан-жылға энергия тапшылығы ұлғайып барады.⠀Бұл мәселенің шешімін қазірден таппайтын болсақ, тіпті күрделене түседі. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды. Сондай-ақ атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандыруға көмектеседі, – деді Нұрлан Бекназаров.⠀
⠀
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков атом энергетикасының өріс алуы экономиканың маңызды секторларын дамытуға ықпал ететініне тоқталды.⠀
– Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Бұл дегеніміз, атом энергетикасы іргелес салалар үшін орасан зор мультипликативті әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі. АЭС салу және пайдалану озық технологияларды, инновацияларды және үздік ІТ шешімдерді дамытуға серпін береді, – деді ол.⠀
⠀
Кездесу соңында Халықтық штаб мүшелері еліміз үшін маңызды кезеңде немқұрайлылық танытпай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғаса бермек.
АЭС – ЭНЕРГЕТИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕШУДЕ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Среда, 25 Сентябрь 2024 11:59Шымкент қаласында АЭС салуды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова, Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бастаған Халықтық штаб өкілдері Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп ұжымымен кездесті. Ұстаздар қауымымен өткен басқосуда АЭС салу мәселесіне қатысты референдум көздеген міндеттер талқыланды.⠀
⠀
Алғашқы болып сөз алған Нұртөре Жүсіп Қазақстанның қазіргі энергетикалық ахуалы, атом энергетикасының беретін мүмкіндіктеріне тоқталып, АЭС туралы ғалымдар мен сарапшылардың айтқан пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ҚР Парламентінің депутаттары Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін, басқа мемлекеттерге саяси тәуелділікті арттыруға жол бермейтінін нықтап айтты.⠀
⠀
Ал Мұрат Жаңабайұлы атом энергетикасының заман талабына сай қажеттілік екеніне назар аударды. ⠀
⠀
– Қазақстан халқы санының өсуі, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы электр энергиясын тұтынудың артуына алып келуде. Демек, осы ұлттық басымдықтардың барлығын жүзеге асыру үшін атом энергетикасына деген қажеттілік туындайды. Атом электр станциясының құрылысы нарықтағы электр энергиясының тапшылығын жойып, тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыруға мүмкіндік береді, – деді ол.⠀
⠀
Басқосуда АЭС-на қатысты жан-жақты пікірлер айтылып, ұстаздар қауымы да өз көзқарастарымен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды. Кездесу соңында штаб мүшелері 6 қазан күні өтетін референдумда Қазақстанның азаматы ретінде таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.⠀
АЭС САЛУДЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚОЛДАУДА
Среда, 25 Сентябрь 2024 11:22Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы университетінің колледжінде «АЭС: Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында арнайы кездесу өтті.⠀
⠀
Шараның мақсаты – жастар арасында атом энергетикасының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және жаңа технологияларға қызығушылықты арттыру.⠀
⠀
Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылар қатысты. Атом энергетикасы, оның артықшылықтары мен қауіпсіздігі жиын барысында сөз болды. Сонымен қатар, экологиялық аспектілер туралы ақпараттар қаузалды. Студенттер АЭС-тің болашағы, экологиялық таза энергия көздері мен жасыл технологиялар тақырыбында пікір алмасты.⠀
⠀
Кездесу соңында, жастар АЭС-тің энергетика саласындағы рөлі мен маңыздылығын тереңірек түсініп, болашақта осы салада жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді.⠀
Шымкент келбеті
8 айда атқарылған жұмыстар талқыланды
Среда, 25 Сентябрь 2024 07:02Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Цифрландыру, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия, Орта сапасы және бақылау басқармаларының 8 айда атқарған жұмыстары талқыланды.
Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов қала аумағындағы ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен 35 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді. «Kcell» АҚ өз жоспарына сәйкес, 133 базалық станцияны 5G технологиясымен, 116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды.
Қала әкімі сала басшысына жыл соңына дейін ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын арттыруда және компаниялар жұмысын үйлестіруде нақты тапсырма берді.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов аталған кезеңдегі жұмыстарды қорытты. Қала әкімі заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ескертті. Жылу маусымының қарсаңында тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының қауіпсіздігін қамтуда шараларды күшейтіп, салғырттық танытқан жеке компанияларға заң аясында шара қолдануды тапсырды.
Сонымен қатар газ техникалық инспекциясының жұмысын жүйелеп, жауапкершілігін арттыру міндеттелді. Сондай-ақ аппарат отырысында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының жұмыстары да талқыланды. Қала әкімі жауаптыларға туризмді дамытуда жаңадан іске қосылған қонақүйлердің, тамақтану орындарының да жұмысын үйлестіруде бірқатар тапсырма берді.
Мегаполис басшысы жұмысты ұқсата алмай отырған аудан әкімдерінің жұмысын сынға алып, елдімекендердегі мәселелерді шұғыл, сапалы шешуде ұсыныстарын айтты. Әріптестерін қалаға жанашырлық таныта отырып, халыққа оңтайлы жағдай жасауға шақырды.
Шымкент – туристік индустрияға тартымды қала
Среда, 25 Сентябрь 2024 06:49Шымкент республикада туризмнің дамыған орталығы болуға сұранып тұрған аймақ. Осыған байланысты мегаполисте туризм саласын өркендетуге қатысты іс-шаралар көбірек ұйымдастырылып тұрады. Мегаполиске саяхатшыларды тарту бойынша арнайы жоспарлар мен тұжырымдамалар да түзілген.
Қазір оларды жүзе асыру бағытында тиісті мемлекеттік органдар мен осы жауапкершілікті мойнына алған арнайы мекемелер қызу жұмыс үстінде. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да осынау маңызды іске қал-қадірінше атсалысып жатыр. Мәселен жуырда кәсіпкерлер құқығын қорғау ұйымында үшінші мегаполистегі туризм саласын дамытуға арналған келелі басқосу өтті. Аталған семинарды кәсіпкерлер палатасы «Визит Шымкент» туристік-ақпарат орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Маңызды іс-шараға кәсіпкерлер ұйымының салаға жауапты қызметкерлері, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері, этнографтар, турагенттік жетекшілері, гидтер мен салалық басқарма мамандары қатысты.
Мұның алдында кәсіпкерлер палатасында туризм саласы кеңесінің отырысы өткен болатын. Онда туризмге байланысты бірқатар мәселелер талқыланған-ды. Осы жиында қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов баяндама жасап, туризмді дамыту бағытындағы мәселелерді ашып көрсеткен еді.
Басқармабасшысыныңайтуынша, Шымкенттіңтуристікәлеуетіәлбеттежоғары. Статистикалық дерекке назар салсақ, мегаполиске соңғы 3 айда 112 мыңға жуық турист келген, оның ішінде 104 мың адам – ішкі турист болса, 7 мыңнан астамы – шетел азаматтары. Сала өкілінің мәлімдеуінше, шаһарда туризмге қатысты жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде. Мәселен, мегаполисте 2026 жылға қарай 5 жұлдызды қонақ үй пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Бұл өз кезегінде қалаға шетелден саяхатшылар көп келетінін және оларға жағдайы керемет қонақүй қажет екенін білдіреді. Міне, осынау сұранысты қанағаттандыру мақсатында Шымшаһардан және бір бес жұлдызды қонақүй бөй көтеретін болады. Туристік индустрияның жаңа қарқынмен дамуы Шымкенттің жан-жақтан саяхатшыларды тартудағы бір ғажап көрінісін байқатады. Осы орайда басқарма басшысы туризм саласындағы кәсіпкерлерді жергілікті атқарушы билікпен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды.
Кәсіпкерлер өз тарапынан саябақтарға көпшілік тамақтану орындарын орнату бойынша ұсыныстарын айтып жатыр. Олардың мәлімдеуінше, бұл өте маңызды бастама, себебі қыдырып келген азаматтар, әсіресе шетелдік туристер бірінші кезекте тамақтану орындарын іздейтіні ақиқат. Әрі жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын сатып алуды жөн көреді.
Дегенмен бұл ұсынысқа кейбір мемлекеттік органдар келіспей тұр. Мәселен Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері ерекше қорғалатын табиғат аймақтары туралы заңға сәйкес, ол жерге дәмханаларды орнатуға болмайтынын айтады. Соның бір мысалы шаһардың ең көрікті жерлерінің бірі дендросаябақ ерекше қорғалатын аймаққа жатады. Сондықтан да ереже бойынша тамақтану орындарын саябақтардың ішінде емес, тек аумағының сыртында, көлік тұрағында орналастыру керек. Оның өзінде тек белгілі бір өнімдерді ғана сатуға рұқсат беріледі.
Дегенмен, мамандар кәсіпкерлерге кейбір саябақтардағы белгілі орындарға дайын өнімдер сатуды ұйымдастыру үшін өздерінің тұжырымдамаларын әзірлеп, ұсыныстарын тиісті басқармаға жазбаша түрде жеткізуге болатынын мәлімдеді.
Бұған қоса осы күнде Шымкентте креативті индустрия саласы да екпін алып келеді. Бұл бағытта атқарылған маңызды шаруа жетерлік. Айталық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қалалық креативті индустрия қауымдастығымен бірге Арбат демалыс аймағында тұрақты жәрмеңке өткізіп тұрады. Оның ресми ашылуы тамыз айының басында болды. Ал оған дейін қанатқақты жоба ретінде ұйымдастырылып келді. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары сатылып қана қоймайды, шеберлік сабақтары да қоса өткізіледі. Басқарма басшысы мәлімдегендей ендігі жерде мегаполистен креативті хаб ашу мәселесі жоспарға еніп отыр.
Қала аумағындағы санитарлық-гигиеналық нүктелер жайы да палатаның кеңесіндегі талқылауға түскен тақырыптың бірі болды. Кәсіпкерлер бұл мәселенің аса маңызды екенін атап өтті. Себебі, тазалық жүрген жерге ауру жоламайды. Бұл бірінші қағида болса, екіншісі таза қаланың сәнін көрген туристер де өздерін жайлы сезіне бастайды. Ертеңгі күні саяхатшылар қатарының молая түсуіне де үлкен септігін тигізері хақ.
«Қала аумағында 50-ге жуық дәретхана бар. 13-і – парктерде, 37-сі – жолдардың бойында орналасқан. Олардың жағдайы қаншалықты талапқа сай екені зерделенді. Соның қорытындысына сай алдағы уақытта тиісті жұмыстар қолға алынып, санитарлық ескі нүктелер жаңартылады. Осы тұста айта кетерлігі, қалалық әкімдік тарапынан дәретхананы күтіп ұстаушы заңды тұлғаларға ай сайын субсидия қарастырылған. Бірақ, оған өтінім берген кәсіпкер аз болып отыр. Сонымен қатар, саябақтардағы, туристер көп жүретін көпшілік орындардағы ретсіз саудамен күресті де күшейте түстік» дейді мегаполистің туризм саласына жауапты басқарма басшысы Бексұлтан Әділханов.
Сонымен қатар, ешқандай органда тіркелмей, заңсыз жұмыс істейтін гидтермен күрес мәселесі де қоғамда өткір болып тұр. Жауапты мамандар ондай гидтер анықталған жағдайда дереу арада полицияға хабар беру керектігін айтады. Осыған орай енді алдағы уақытта тіркелген гидтер тізімі қайта жаңартылатын болды.
Ал, «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығы» бірлестігінің өкілі Ромэлла Пак болса жаңадан ашылып жатқан туристік агенттік иелеріне құжат алмастыруды, есеп-қисапты дұрыс жүргізуді оқытып-үйрету керек дейді. Себебі, туристік агенттіктерде бухгалтерлік есеп-қисап дұрыс болмағандықтан көпшілігі жабылып қалып, банкротқа ұшырап жатыр екен. Сонымен қатар туристік операторлар мен туристік агенттіктер арасында бір түрлі түсініспеушіліктер бар көрінеді. Осыған байланысты тамыз айының басында туристік операторлар мен агенттіктер кездесуін ұйымдастырылды.
Енді мақала басында айтылған семинарға тоқталсақ, «Визит Шымкент» туристік-ақпарат орталығы басшысының орынбасары Бағдат Пардабай осы жиында Шымкентке қыдырып келетін туристерді, әсіресе, шетел азаматтарын қарсы алып, күтудің ереже-қағидаларын бекітіп, қонақжайлылық пен қызмет көрсету сапасын жақсарту керектігін алға тартты. Себебі, кез келген елмен алғашқы танысу шекарадан, әуежайдан басталатыны аян. Сондықтан ұшақтың текпешегінен түсіп, әуежай залына енген бойда туристер қонақжайлық қасиеті бойына сіңген қазақ дейтін дархан мінез халықтың еліне келгенін бірден сезінуі керек. Мұндай үрдіс Шығыс Азия елдерінде жақсы дамыған. Жапонияның, Оңтүстік Кореяның әуежайына бара қалсаңыз, ұлттық киім киген, ұлттық аспапта ойнаған жандар адам жүрегін бірден жаулап алады.
Туған жердің табиғатын сүю, паркте қыдыруды жақсы көру бір бөлек, онда өзін-өзі қалай ұстау керектігін үйренудің ешқандай артықтығы жоқ екен. Мәселен «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Қалжігіт Қалыбаев табиғат аясында демалудың тәртібін былайша түсіндірді.
«Жалпы, қорықтар, табиғи парктер мен резерваттар ерекше қорғалатын табиғат аймақтары болып саналады. Ол аймақтарда демалудың өзіндік ережелері бар. Табиғаты әсем, көпшілік қызығатын демалыс аймағының бірі «Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық паркі. Бізге туристер, қыдырушылар өте көп келеді. Парктің туристік рекреация және шектеулі шаруашылық аймақтарында қыдырушылар демалып, арнайы орындарда от жағып, тамақ әзірлейді. Бірақ ол тек парк қызметкерлерінің нұсқауымен ғана жүзеге асуы тиіс. Басқа орындарда от жағуға, қоқыс тастауға мүлдем болмайды. Сонымен қатар бір топ қыдырушыны ертіп апаратын гидтер өз бағыттары туралы алдын ала хабарласа, ал туристер өздерімен бірге міндетті түрде жеке құжаттарын алып жүруі керек. Бұл ережеден Шымкент қаласындағы экскурсоводтар мен гидтердің барлығы дерлік хабардар деп ойлаймын» деді ол.
Түркістан халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілі этнограф Бибігүл Иззатуллаева қазақтың қонақ күту дәстүрінен бар білгенін бөлісті. Маманның айтуынша қонақжайлылық ежелден келе жатқан қазақ халқының дәстүрі мен бойындағы қасиеті. Жолаушылаған жұрт қазақтың қай үйіне кірсе де құрақ ұшып қарсы алып, құрметпен төрге оздырады. Сондықтан қонақ күту көшпенділер салтының ажырамас бір бөлігі, санаға сіңген берік ұстанымы болып сонау ықылым заманнан қалыптасты.
«Бүгінде қазақтар ежелден келе жатқан қонақжайлылық заңдылықтарын жоғалтқан жоқ, керісінше, оның шекарасы кеңейді. Тек қазақтар ғана емес, көп ұлтты мемлекетімізде тұратын басқа ұлт өкілдері де қонақ күту мәдениетін меңгергені қашан. Ал бұл өз кезегінде туристерді елге тартудың бір тәсілі екенін де ұмытпаған жөн. Ұлтымыздың осынау асыл қасиетін туристерді елге шақыру мақсатына қарай ұтымды пайдалануымыз керек. Халқы мейірбан, келген қонаққа жылышырай танытып тұрған елге қалайша турист көп келмес» деді этнограф.
Әнуар НҰРЖІГІТҰЛЫ
Тарихпен үндескен кітапхана
Среда, 25 Сентябрь 2024 06:43БиылА. С. Пушкинатындағыкітапхананыңқұрылғанына 125 жылтолыпотыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
БұданбіршамауақытбұрынқалаәкіміҒабитСыздықбековбұлмәденинысандыөзібарыпаралап, кітапхананыңжұмысыментанысыпқайтқанболатын. 2022 жылы жөндеу жұмыстарымен жаңғырған нысанда бүгінде оқырмандарға заманауи талапқа сай ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызметтер көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда кітапханада 11 құрылымдық бөлімше мен оқу залдары, абонемент, өнер, көрме залдарымен қатар американдық бұрыш және келушілер үшін арнайы кофехана жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінде бұл мәдени ошақ оқырмандар үшін жайлы, бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, эстетикалық мәдениетті қалыптастыратын ортаға айналған.
Ғылыми-практикалық конференция өткізудегі басты мақсат - Шымкент қаласының тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік қолтаңбасы бар рухани орда – А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың өткенін зерделеп, келешекке бағдар түзу. Қала тұрғындарының оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, қоғамда кітапхана орны мен кітапханашы имиджін қалыптастыру.
Жиынға ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан елдерінен кітапхана өкілдері, зиялы қауым, ақын-жазушылар, еліміздің облыстық, қалалық, аудандық көпшілік кітапхана қызметкерлері мен кітапхана ардагерлері қатысты. Конференцияға келген қонақтар мен шетел делегаттарына кітапхананың тыныс-тіршілігі және көрме экспозициялары таныстырылды.
Салтанатты кеште Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сөз алып, кітапханашыларды мерейтоймен құттықтады.
- Бүгінгі болып жатқан іс-шара -бұл біз үшін, кітапхана оқырмандары үшін ұлы той. Дүбірлі той. Мұндай атаулы мерекені көз жұмып, елеусіз қалдыруға болмайды. Қаламыздың мәдениетінің дамуына, өркендеуіне бірден бір ықпалы тиген, көп жылдық тарихы бар бұл кітапхананың бізге де, келер ұрпаққа да әлі берері мол,- деп сөзін аяқтаған ол әкімдіктің атынан кітапхана қызметкерлеріне құттықтау хаттарын табыс етті.
Сонымен қатар, кеш қонақтарына сан жылдық тарихы бар кітапхананың өмірі мен жай-жапсары түгел қамтылған деректі фильм ұсынылды.
Конференцияда Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Дмитрий Александрович Тураев, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдіәкімұлы құттықтау лебіздерін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне алғыс хат ұсынып, директор Наталья Романоваға арнайы марапат-сыйларын табыстады.
Сондай-ақ, көпжылдық тарихы бар бұл кітапхананың жақында ғана жарыққа шыққан «Тарихпен үндескен кітапхана» кітабының тұсауы кесіліп, кешке келген өнер иелері ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Э.Сәрсенбайқызы
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Среда, 25 Сентябрь 2024 06:37Президент Агенттік төрағасының еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, ведомство 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылған. Осы қаржыға қазірдің өзінде 50-ден астам мектеп ашылған. Сондай-ақ тағы 30 білім ошағын салу жоспарланған.
Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Цифрлық теңге» платформасы арқылы жүзеге асыратын «ақшаны бояу» жобасын іске қосты. Асхат Жұмағали Президент Жолдауында жүктеген міндеттерге сай жол құрылысы мен ауыл шаруашылығы салаларында сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына мониторинг жасалып жатыр. Тексеру барысында қаражатты тиімсіз пайдалануға және нысандарды тапсыру уақытын кешіктіруге себеп болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады.
Президентке халықаралық қатынастар, кадр саясаты, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу процесі секілді ведомствоның басқа да басты бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.