«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» Избранное

Среда, 17 Апрель 2024 04:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 288 раз

Дәл осы нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс жексенбіде 46 мектеп-лицейі маңында өтті.

Subot-1

 

NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы ұйымдастырған марафон «Сәлем» әлеуметтік қалашығынан бастау алған болатын. Еріктілер қалашық маңына жеміс ағаштарын отырғызды. Оның ішінде 20 түп алма, 20 түп шие, 10 түп алмұрт көшеті бар.
– Бірігіп атқарылған жұмыс – жеңіл. Келешекте жасөркендер осы еңбектің жемісін жейді. Біз қаланың барлық жастарын табиғатты қорғауға, тазалықты сақтап, сол арқылы отанымызды аялауға шақырамыз, - дейді еріктілер ұйымының мүшесі Яна Денисовна.
Айта кетейік, NEW WEVE қоршаған ортаны қорғау клубы болып 2019 жылы құрылған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған ұйымда 3000-нан аса мүшесі бар. Еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйым эко-сенбіліктер мен экологияны сақтауға бағытталған көптеген игі істің басы-қасынан табылып жүр.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.