Арыз-шағымды жылдам жеткiзу жолы

Пятница, 03 Апрель 2015 08:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4765 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет органдарына қатысты кез келген мәселемен тек қана Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің блог-платформасына ғана емес, сол сияқты Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ерлан Сламханұлы Дауылбаевқа Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы арқылы арыз-шағымдар немесе түсіндірме беру туралы өтінім, жазбалар жазуға болады.

kak-napisat-zayavlenie-na-uvolnenie-po-sobstvennomu-zhelaniyuОңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы әр аптаның дүйсенбісінде кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғаларды қабылдап, уәждерін тыңдап дәлелін тапқан жағдайда тиісті шара қолданылады. Ал дәлелденбеген жағдайда заң талаптары деңгейінде түсіндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне 2014 жылы барлығы 31 жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар жазбаша түрде келіп түсті.
Қылмыстың алдын алу үшін тұрғындар Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының электронды блог-платформасына, сенім телефонына немесе департаментке келіп арыз-шағымдарымен уәждерін айтуларына болады.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің блог-платформасын теріс пиғылмен пайдаланушылар да аз емес. Мысалға айтар болсақ, өзгенің атымен немесе атын бүркемелеп ойына келгенді жазу, өзгені қаралау, жала жабу да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда ескерте кететін жайт ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 5-бабында «Қарауға жатпайтын өтініштер» көрсетілген.
 «Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзіреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, «иесі бүркемеленген өтініштер», «мәселенің мәні баяндалмаған өтініш», сондай-ақ «Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтінішті қайта қарауға міндетті» делінген. Сондықтан түсініксіз жағдай орын алғанда немесе заңға қайшы іс-әрекетті байқаған жағдайда ғана өтініш келтіру керектігін әрбір азамат ескеру қажет. Бос, негізсіз немесе белгілі бір қызметкерге деген ашу-ыза негізінде қаралау мақсатымен шағымдана берумен мемлекеттік саясатты жүзеге асырып отырған қызметшілердің онсыз да жеткіліксіз уақытын алуға жол бермеуіміз керек.   
     

Б. Әбдіхалықов,
 ОҚО Әділет департаментінің
персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік бөлімінің
бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.