×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Өз құқығын бiлмейтiндер көп

Пятница, 12 Июнь 2015 05:46 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3601 раз

Прокуратура қызметкерлерінің тексеру жұмыстарының нәтижесінде, өңірде еңбек заңдылықтарын сақтау мақсатында 2244 азаматтың құқығы қорғалып, жалпы көлемі 117 миллион теңгенің жалақы қарызы өндірілген.

chinovnikБұл жөнінде «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын шешу жолдары: тәжірибе мен проблемалар» тақырыбында өткен облыстық тәжірибелік конференция барысында кеңінен айтылды.
Әлеуметтанушылардың жүргізген сауалнамасы көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы еңбек дауына қатысты қайшылықтардың 50 пайызы жалақының уақытылы берілмеуінен, 38 пайызы жалақының аздығы себебінен туындайтын көрінеді. Жиын барысында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов осынау деректерге баса тоқталып өтті.
– Бұл ретте еңбек дауының туындауына көбіне, қызметкерлердің өз құқығын толық біле бермеуі себеп. Сол себептен де, жұмысшылардың сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ұйым-мекемелерде жүйелі түрде арнайы оқу сабақтарын ұйымдастырып тұру маңызды, - дейді Ерлан Қуанышұлы.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар еңбек дауына байланысты жұмыскерлер алдында қарызы бар мекемелерді мемлекеттік тендерге қатыстырмау жайын да көпшіліктің талқылауына ұсынды. Жалпы, конференция барысында айтылған ұсыныс-пікірлер Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығы аясында өтетін ҚР
кәсіподақтар Федерациясының кезекті ХХІV съезінде талқыланатын болады.