Бала бақылаусыз қалмасын десек...

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:23 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3500 раз
9999666666666666Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ұйымдастырылған жұмыстар нәтижесінде, өткен жылы жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстар саны облыс бойынша 597-ден 533-ке, Шымкент қаласында 342-ден 261-ге, ал Абай ауданында 94-тен 92-ге төмендеді.
 
Әлде де қылмыс жасау фактілері, оның ішінде, сабақ өту уақытында, тіпті оқу процесінің үстінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасау фактілері тыйылмауда. Зерттеу көрсеткендей, қылмыс оқу орнында әлде мектеп айналасындағы әртүрлі себептерден шыққан оқушылар ортасындағы жанжалдан басталып, одан кейін қала аумағында жалғасын табуда. Осыған орай, аудан прокуратурасымен қалалық әкімшілікке Абай ауданындағы мектептер, орта және жоғары білім ошақтарының айналасына бейне бақылау камераларын орнатуға қажетті қаржы бөліп, оларды тез орнату ұсынылған. Бұл шара жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуға оң септігін тигізетіні анық.
 
Тағы бір кешіктірмей қолға алатын мәселе, бұл орта және жоғары білім мекемелеріне бір полиция инспекторының штатын құрып, оған тиісті қаржы бөлу. Сондай-ақ, оқу орындарында, әсіресе қылмыстық құрылымдар тарапынан ақша жинау мен қорқытып алушылықты қалалық білім беру бөлімі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен білім мекемелері әкімшілігі өзара әрекеттестігін күшейтіп, оқу орындарында қандай да бір алым-салымды түбегейлі жою мақсатында және нақты іс-шаралар жүргізуді қалалық әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алу қажеттігі туындап отыр.
 
Абай ауданындағы «Самал-1», «Самал-2», «Самал-3», «Ынтымақ», «Асар», «Қайнар бұлақ» және басқа да халқы көп жаңа елді мекендерде мәдениет ошақтары, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған, әсіресе материалдық жағдайы төмен отбасылардан шыққандарға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (оқушылар сарайы, жас техниктер базасы, балалардың музыкалық, спорт мектептері, спорт, туристік лагерлер, балалар паркі мен т.б) мүлдем жоқ. Сол себепті де бұл елді мекендердің жастары сабақтан соң бос уақыттарында бақылаусыз қалып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға кері әсерін тигізуде.
 
А.Бейсенбаев,
Абай аудандық
прокуратурасы жанында
құрылған Қоғамдық

кеңесінің мүшесі

Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.