Бiр жер телiмiне екi құжат берiлсе…

Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:33 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3727 раз

Талапкер Арзанбек сотқа талап арыз беріп, онда Түркістан қаласы әкімінің  қаулысымен өзіне  Түркістан қаласы, Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан, жалпы алаңы 0,1 га жер телімі берілгенін, алайда жауапкер Ожантай бұл жер телімін заңсыз иеленіп отырғанын көрсетіп, жер телімін жауапкердің заңсыз иелігінен қайтарып беру туралы талап қойған. Бірінші сатыдағы сот талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырған.

36737Іс құжаттарына қарағанда, талапкерге 0,1 га жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға берілген, ал кейін ол жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, жеке меншік құқығымен сатылып берілген. Алайда, аталған жер телімін жауапкер  пайдаланып отырғаны анықталған.
«ЖерҒӨО» РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мамандарының   қорытындысы бойынша  кадастрлық істегі алғашқы құжаттардағы әкімшілік, сәулет және қала құрылысы сызбаларына сәйкес талапкер мен жауапкерге бір жер телімі берілгені анықталды.
Аталған жағдайда даулы жер теліміне талапкердің де жауапкердің де құжаттары болған. Алайда талапкер жауапкердің жер теліміне құқық беретін құжаттарын жарамсыз деп тану жөнінде сотта талап қоймаған және ол құжаттар заңда белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылмаған. Ал сот істі тек қойылған талаптың шеңберінде қарай алады.
Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттың шешімін апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырды. Бір жер теліміне екі мемлекеттік акт беріліп кеткен жағдайда, мемлекеттік актіні бұрын алған тарап кейін берілген мемлекеттік актіні жарамсыз деп тану туралы сотта талап қоюға құқылы екенін жер телімдерінің иелері біліп жүрсе екен дейміз.

Серік ДЗЮЛИЕВ,
Оңтүстік Қазақстан
облыстық сотының
судьясы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.