Құқық қорғау қызметкерлерi жастармен кездестi

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2640 раз
Қаламызда орын алған қылмыстың басым бөлігі өкінішке қарай, жастардың еншісінде. Бұл туралы Абай аудандық полиция бөлімінің қызмектерлері №3 колледжде студенттермен өткізген кездесуінде айтты. Жастардың алдында Абай ауданы прокурорының орынбасары, әділет аға кеңесшісі Е.Әйтімов пен ювеналды полиция басшысы, полиция майоры К. Тоқсанбаев сөз сөйледі. Олар нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдер қылмысын болдырмау және жаза түрлері туралы айтып берді.

Жастар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы  кездесу қызықты өтті. Әсіресе, студенттер тарапынан қызығушылық көп болып, көкейтесті сауалдар қойды, жұмыс тәжірибесі барысында кездескен ерекше жағдайлар туралы айтып берулерін сұрады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жастар заңды білмегендіктен, көп ретте қылмысқа барады. Сондай-ақ, ұрлық, тонау, қарақшылық, көлік ұрлауға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  баптарын түсіндіріп,  қандай жаза қолданылатыны туралы түсініктеме берілді.

Колледж директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Т. Исахметовтың айтуынша, студенттердің тәртібі жіті қадағаланады. Мәселен, әлеуметтік серіктестіктер мен демеушілердің қолдауымен жуырда ғана 8 бейне камера орнатылған. Қазір оқу орнында 17 камера жұмыс істеп тұр. Білім мен тәрбиеге қатар көңіл бөлінетін колледжде жастардың бос уақытында спортпен шұғылданып,  қолөнермен айналысуына зор мүмкіндік жасалған. Кітап қоры да жеткілікті. Биылдың өзінде 500-ден аса жаңа кітап сатып алыныпты. Ұстаздар мен студенттер түрлі жарыстар мен білім сайыстарында  жүлдесіз оралған емес.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:23
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.