ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП
Среда, 28 Август 2024 04:47Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, әрдайым даму жолында болып, бәсекеге қабілетті, креативті әлеуетін дамытумен айналысатын, еңбекқор тұлға қалыптастыруда басты үміт ұстаздар қауымына жүктелетінін атап айтқан. Білім әр оқушының жадында түпкілікті сақталып, оны өмірде қолдана білуі ол ұстаздар тарапынан «табысты оқыту» болып табылады. Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында жалпыға білім беру аясында мұқтаж отбасынан шыққан балаларды қолдаудың маңыздылығын айтқан болатын. Осының негізінде жаңа оқу жылынан бастап мектептерде "Цифрлық мұғалім" жобасы жүзеге асады. Бұл бағдарлама үлгерімі төмен оқушылардың білімін көтеріп, негізгі пәндерді тереңдетіп оқытады. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жоба негізінен мұқтаж отбасы балаларын қамтиды. Сонымен жүйе қыркүйектен бастап барлық мектепте 7-10 сынып оқушылары үшін негізгі пәндерді тереңдетіп оқыту жүйесі болып енгізілмек.
АҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ АЛТЫН ҰЯСЫ
Среда, 28 Август 2024 04:43Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – тарихы сонау 1937 жылдан бастау алатын, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы алдыңғы қатарлы ғылым мен білімнің, тәрбиенің ордасы. Университеттің алты факультеті бүгінде бәсекеге қабілетті болашақ мұғалімдер мен білім беру саласындағы үздік мамандарды даярлайды. Төрт жүзден астам жоғары білікті профессор-оқытушысы бар, жеті мыңнан астам білім алушыға жоғары білім беріп отырған университетіміздің алға қойған миссиясы – білім саласындағы озық тәжірибелер негізінде адами капитал сапасын арттыру. Сонымен қатар, оқу орнымыз стратегиялық жоспарлау міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытудың әдістемелік орталығы мен көшбасшысының бірі ретінде әлемдік сұраныстарға сай заманауи ЖОО-ға, жаңа форматтағы білім беру және ғылым хабына айналуды көздейді.
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Среда, 28 Август 2024 04:42Контакттан кейінгі алдын алу шараларына антиретровирустық дәрі-дәрмектердің қысқа курсы жатады. Ол инфекцияны ықтимал жұқтыру қауіпін төмендету мақсатында қабылданады.
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Среда, 28 Август 2024 04:41Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық жерде «Мектепке жол» акциясы өтуде. Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері де бұл шарадан шетте қалмады. Осы акция аясында 10216 әскери бөлімінің командирі, полковник Орынбасар Жұбанов кіші сержант Мақсат Қуандықовтың үлкен отбасына барып, балаларға қажетті мектеп керек-жарақтарын, ойыншықтар мен тәттілерді табыс етті.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының Туы Эльбруста желбіреді
Понедельник, 26 Август 2024 12:19Әлібек Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық театрының әртісі Эльбрусты бағындырып, оның шыңында өнер көрсеткен алғашқы қазақ болды!
Қ.Қуанышбаев атындағы Ұлттық театрдың әртісі Әлібек Еуропа мен Ресейдің ең биік нүктесі — Эльбрустың батыс шыңына шығуға бел буды. Оның бұл өрлеуі қыркүйек айында өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына арналды.
Алибек биіктікті бағындырып қана қоймай, алдағы шараны насихаттау үшін осы бірегей мүмкіндікті пайдаланды. Эльбрус шыңында өнер көрсетіп, осы керемет тау басында өнер көрсеткен алғашқы қазақ атанды.
Оның ерлігі өнер мен спорттық жетістіктердің үйлесімділігінің жарқын үлгісіне айналды, сондай-ақ көптеген қазақстандықтарға шабыт берді. Әлибек қазақ мәдениетін халықаралық аренада дәріптеуді жалғастыруды жоспарлап отыр және оның бастамасы Көшпенділер ойындарына назар аудартып, қазақ дәстүрлерінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді деп сенім білдірді.
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Понедельник, 26 Август 2024 11:12Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына https https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.
Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, 13-қабат, №1307 кабинет.
Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байланыс телефондары: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «1» қыркүйектен бастап
2024 жылғы «15» қыркүйек аралығында жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт).
Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/828425?lang=kk сайтта танысуға болады.
Жаңа тұжырымдама мемлекеттік қызметтің дамуына серпін береді
Понедельник, 26 Август 2024 11:03Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдамада тұтынушылардың назарын аудару және мемлекеттік қызметшінің «мінсіз беделі» институтын енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру кезінде патриотизм мен ұлт (қоғам) мүддесіне адал қызмет ету стандарттарына назар аударылатыны қуантады. Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру барысында мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрокартияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған жаңашылықтар енгізілді. Жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа біліктілік талаптары қабылданды, қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді, өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде.
Мақсат – «Адал, ар-ожданы мол азамат» дегенді білдіретін «Адал азамат» анықтамасына әрбір мемлекеттік қызметкер жауап беретіндей деңгейге жету. Оған жүгінсек, бұл құжат көңіл қуантты және біраз үміт отын оятты. Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге, мемлекеттік қызметті шын мәнәнде тартымды етуге әлі де болады.
Басқа жұмыс түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік қызмет тек халықтың сенімі болған жағдайда ғана сүйеніп, жұмыс істей алады. Бұл қызметке қатысты шектеулерді белгілеу, этикалық талаптарды одан әрі күшейту қажеттілігін талап етеді, сондай-ақ қоғамның шенеуніктерінің мінсіз беделіне деген үмітінің артып отырғанын түсіндіреді.
Қолданыстағы заңнамада қатарлардың тазалығына кепілдік беретін шектеуші талаптар бекітілген. Дегенмен, заңнамада мемлекеттік қызметтегі мінсіз бедел мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама түбегейлі қайта қаралады. Ол ең алдымен мемлекеттік қызметтің алдында тұрған міндеттерді, оған қойылатын талаптарды және ең соңында мемлекеттік қызметтің миссиясы мен мақсатын біріктіреді.
Мұндай өзгерістер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық актінің мақсаттары мен міндеттерін қайта бағдарлауға әкеледі. Олар таза еңбек қатынастарын реттеумен, яғни мемлекеттік қызметке қабылдау, аяқтау және тоқтату мәселелерімен шектелмейді. Заңнамалық акт мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының клиентке бағытталған үлгісін қалыптастыру міндеттеріне негізделген болады. Одан әрі шаралар дарынды адамдар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын қамтамасыз етуге, патриотизм мен ұлттың (қоғамның) мүдделерін адал қызмет етудің жоғары стандарттарымен біріктірілген кадрларды ұстап қалуға және кәсібилендіруге бағытталуы тиіс.
Ел мүддесіне адалдық, оның алдындағы борышын сезіну сияқты мызғымас құндылықтар мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен «Адал Азамат» мұраттарымен тығыз астасып жатыр.
М.АКИШЕВ
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі
«Батыс Африка елдерінің ойыны – овариден алтын медаль алуға үміттіміз»
Пятница, 23 Август 2024 07:02Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бұл ойындарда бірнеше елден келген спортшылар ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан бөлек, түріктің мангала, Батыс Африка елдерінің овари атты зияткерлік ойындарынан өзара мықтыны анықтайды. Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама бас бапкері Айнұр Әбсадыққызы ел намысын қорғайтын спортшылардың овариден алтын медаль алуға қауқарлы екенін айтты.
«Овари ойыны Қазақстанда қатты дамымаса да, халықаралық жарыстарда спортшыларымыз жақсы өнер көрсетіп жүр. 2006 жылғы Лондон зияткерлік ойындар олимпиадасында, Канн фестивалінде жүлде алды. Қазақстан құрамасы 2018 жылы Қырғызстанда өткен IIІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында овариден жарқын жеңіске жетті. Оовариден ұлттық құраманың үздік спортшылары ел намысын қорғап, екі алтын медаль жеңіп алды. Әсел Далиева мен Диана Кенина командалық есепте алтын медаль алса, әйелдер арасында жекелей есепте Әсел Далиева алтын жүлдеге ие болды», – деді тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас бапкері Айнұр Әбсадыққызы.
2024 жылғы 5-6 наурызда Қызылорда қаласында овариден тұңғыш рет ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатқа 27 спортшы қатысқан. Осы чемпионат қорытындысы бойынша V Дүниежүзілік қөшпенділер ойындарында овариден ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды. Олар – тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Ақтаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернұр Мерешев, тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әсел Далиева және тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аңсаған Қожанәсіп.
Бас бапкер Айнұр Әбсадыққызы Африка елдері, Антигуа-Барбуда және Қырғыз Республикасының спортшыларын овариден басты қарсыластарымыз деп есептейді. Ұлттық құрама спортшылар playok.com платформасында онлайн дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны. Оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, олар бірге 12 кішкентай шұңқыршаларды құрайды, сонымен қатар, ойыншыларда тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалар болады. Овари ойыны 48 шармен ойналады.
Тақтаның өз жағындағы алты кішкентай шұңқырша ойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқырша сәйкесінше қарсыластың алаңы болады. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп шар жинауға тырысады. Кім көп шар жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді.