«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Среда, 21 Август 2024 13:05«БЖЗҚ» АҚ-ның онлайн көрсетілетін жаңа қызметтері туралы толығырақ айтып беріңізші. Бұл қандай қызметтер? Оларды қалай пайдалануға болады?
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізді.
Мысалы:
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) өтініш бере алады;
- БЖЗҚ салымшылары дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере алады, сондай-ақ, шоттардың болуы туралы анықтамаларды, МКЗЖ бойынша анықтамаларды, зейнетақы жинақтарының 50% қайтарылғанын растайтын анықтамаларды бір бөлімде қалыптастыра алады. Жаңа қызмет түрлерін рет-ретімен таныстырайық.
Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін (жерлеуге) алуға өтініш.
Зейнетақы жинақтары салымшының немесе алушының меншігі болып есептеледі. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болады. Бірақ мұра құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының/алушының отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.
Жаңа сервистің қолданысқа енгізілуіне байланысты, әр отбасына ауыртпалық түсіретін қиын жағдайларда жерлеуге берілетін тиісті соманы алуға өтініш беру рәсімін, енді, онлайн-форматта да іске асыруға болады. Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын "тексеру" батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.
МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.
Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ-ға дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.
Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Бұл ретте салымшылардың деректері жеке не өзге де заңды тұлғаларға БЕРІЛМЕЙДІ.
БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы) / сенім білдірілген тұлға / заңды өкіл Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін растайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ, ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығын жақсарту мақсатында, БЖЗҚ сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттің арнайы бөліміне салымшылар үшін "Өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру" жаңа қызмет түрін енгізді.
Ол үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі "Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Егер бұрын өтініш беруші осындай келісімді берген және оған қол қойған болса, тиісті хабарлама шығады. Ал бұлай болмаған жағдайда (егер салымшы бұрын дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоймаған болса) ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңының хабарламасы ашылады. Әрі қарай, "Таныстым" батырмасын басқан соң, келісім беру терезесіне ауысады, онда "ұялы нөмір" бағанын толтырып, көрсетілген нөмірге келетін SMS кодты тіркеу қажет.
БЖЗҚ салымшылары үшін сайтта да, ұялы қосымшада да қолжетімді болған тағы бір қызмет - анықтамаларды бір бөлімде алу. Енді барлық қолданыстағы зейнетақы шоттарының болуы туралы мәліметтерді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген айлар саны туралы анықтамаларды бір терезеден алуға болады. Бұған қоса, бұрын әскери қызметкер болған МЗЖ салымшылары МЗЖ-ның 50% қайтарылғаны туралы растаушы анықтама ала алады.
Бұл қызмет түрін пайдалану үшін де БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі тиісті терезені таңдау қажет.
Осылайша, БЖЗҚ қызметтерінің желісі күн санап, кеңейіп келеді. Оларды 24/7 режимінде үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн-форматта жылдам пайдалануға болады.
Жұмыс берушілер қандай қызметкерлер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) төлеуден босатылады?
Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес жұмыс беруші БЖЗҚ-ға төмендегі тұлғалар үшін ЖМЗЖ төлеуден босатылады:
- 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар;
- Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнет жасына толған адамдар;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- зейнетақы төлемдерін еңбек сіңірген жылдары үшін алушылар;
- Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы қамтуды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай қамтуды алатын отставкадағы судьялар.
Әлеуметтік Кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын тек өз қаражаты есебінен төлеу міндеті нақты айқындалғанын қосымша хабарлаймыз. Салымшылар жарналардың осы түрінің түсуін жарналардың барлық түрлері бойынша ақпарат берілетін жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы және толық төлеуін бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүктелген. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген нормаларды бұзған жағдайда, қызметкерге МКК-ге жүгіну керек.
Инвестициялық кіріске байланысты "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясындағы төлем сомасы өзгере ме?
Иә. Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында түрлі сомалар есептелетін болады. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алдыңғы 18 жылдағы активтері бойынша инвестициялық кірісінің орташа сомасы мен Бағдарламаға қатысушы балалардың санын негізге ала отырып айқындалады. Бұған қоса, балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде, оларға қосымша инвестициялық табыс есептелетін болады.
Нысаналы жинақтарды білім алуға және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алу және аудару алгоритмін толығырақ түсіндіре аласыз ба?
Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:
- 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі (НЖ алушының әрекет қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда) БЖЗҚ-дан, оның ішінде БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы рұқсат етілген мақсаттарға пайдалануға болатын НЖ сомасы туралы ақпаратты дербес алады.
- НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) тізбесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындалған құжаттарды қосымша тіркеп, интернет-ресурс не УО-ның ұялы қосымшасы арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.
- Өтініш беру үшін интернет-ресурста немесе УО ұялы қосымшасында авторланып, өз жеке кабинетіңізді ашу қажет. Онда доллармен ашылған банктік шоттың нөмірін, НЖ төлемінің сомасын және пайдалану мақсатын көрсетіп, ЭЦҚ не динамикалық сәйкестендірумен куәландырып, НЖ төлеміне онлайн-өтініш толтыру қажет.
- УО төлемге өтінішті және НЖ алушы немесе оның заңды өкілі берген құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
- БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.
- НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.
- УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
- НЖ алушы немесе оның заңды өкілі құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Егер алушы өзінің нысаналы жинақтарына кәмелетке толған күнінен бастап 10 жыл ішінде жүгінбесе, онда бұл қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады.
Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.
Нысаналы жинақты алушы қайтыс болған жағдайда бұл қаражат заң шеңберінде мұраға қалдырылады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде қалыптастырылған жинақтарды мұраға алған қазақстандықтар қандай мақсаттарға пайдалана алады?
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған не соттың оны "қайтыс болды" деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинақты алған адамдар (мұрагерлер) оларды өз қалауы бойынша кез келген мақсатта пайдалануға құқылы.
Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай – ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз:
https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8.

"БЖЗҚ" АҚ сандық форматтағы жаңа қызметтерін енгізді
Среда, 21 Август 2024 13:03"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізуді одан әрі жалғастыруда.
Осылайша, БЖЗҚ enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жаңа цифрлық қызметтерді іске асырды.
Мысалы:
- зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері енді қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары төлемін алуға (жерлеуге) өтініш бере алады;
- БЖЗҚ салымшылары дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере алады, сондай-ақ, шоттардың болуы туралы анықтамаларды, МКЗЖ бойынша анықтамаларды, зейнетақы жинақтарының 50% қайтарылғанын растайтын анықтамаларды бір бөлімде қалыптастыра алады. Жаңа қызмет түрлерін рет-ретімен таныстырайық.
Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтары төлемін (жерлеуге) алуға өтініш.
Зейнетақы жинақтары салымшының немесе алушының меншігі болып есептеледі. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болады. Бірақ мұра құқығы өз күшіне енгенге дейін, салымшының/алушының отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан аспайтын көлемде зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.
Жаңа сервистің қолданысқа енгізілуіне байланысты, әр отбасына ауыртпалық түсіретін қиын жағдайларда жерлеуге берілетін тиісті соманы алуға өтініш беру рәсімін, енді, онлайн-форматта да іске асыруға болады. Ол үшін қайтыс болған адамның жақын туыстарына сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетке кіріп, "Қызмет" бөліміндегі "Жерлеуге жәрдемақы алуға өтініш беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Бұдан әрі ашылған терезеде қайтыс болған адамның ЖСН енгізу қажет, онда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде (МО АЖ) қайтыс болу туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру және туыстық байланыстарды растау рәсімі өтеді. Егер МО АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болуы туралы мәліметтер болмаса – тиісті хабарлама шығады. Егер қайтыс болу дерегі расталса, туыстық байланыстардың бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады. Расталған жағдайда, келесі кезеңге – алушының банктік деректемелерін енгізуге көшу орын алады. Толтырылғаннан кейін көрсетілген банктік деректемелердің дұрыстығын "тексеру" батырмасын басу арқылы тексеру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Ұялы қосымшаны пайдаланған кезде өтінішке "eGOV mobile" қосымшасы арқылы ЭЦҚ-ның көмегімен қол қою қажет.
МО АЖ-да жерлеуге ақы төлеуге өтініш білдірген адамның қайтыс болған адаммен туыстық байланыстары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, өтініш беруші растаушы құжаттарымен БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесіне жүгінуі тиіс.
Жерлеуге арналған төлемді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер"/Алушыларға бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ-ға дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.
Заңнамада көзделген қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар жататын ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Бұл ретте салымшылардың деректері жеке не өзге де заңды тұлғаларға БЕРІЛМЕЙДІ.
БЖЗҚ-дан қызметті алмас бұрын салымшы (алушы) / сенім білдірілген тұлға / заңды өкіл Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін растайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ, ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығын жақсарту мақсатында, БЖЗҚ сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеттің арнайы бөліміне салымшылар үшін "Өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру" жаңа қызмет түрін енгізді.
Ол үшін enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі "Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру" ішкі бөлімін таңдау қажет. Егер бұрын өтініш беруші осындай келісімді берген және оған қол қойған болса, тиісті хабарлама шығады. Ал бұлай болмаған жағдайда (егер салымшы бұрын дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоймаған болса) ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңының хабарламасы ашылады. Әрі қарай, "Таныстым" батырмасын басқан соң, келісім беру терезесіне ауысады, онда "ұялы нөмір" бағанын толтырып, көрсетілген нөмірге келетін SMS кодты тіркеу қажет.
БЖЗҚ салымшылары үшін сайтта да, ұялы қосымшада да қолжетімді болған тағы бір қызмет -анықтамаларды бір бөлімде алу. Енді барлық қолданыстағы зейнетақы шоттарының болуы туралы мәліметтерді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген айлар саны туралы анықтамаларды бір терезеден алуға болады. Бұған қоса, бұрын әскери қызметкер болған МЗЖ салымшылары МЗЖ-ның 50% қайтарылғаны туралы растаушы анықтама ала алады.
Бұл қызмет түрін пайдалану үшін де БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, "Қызметтер" бөліміндегі тиісті терезені таңдау қажет.
"БЖЗҚ" АҚ өз қызметі барысында салымшыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрдайым ұмтылып, цифрлық форматта көрсетілетін сервистер желісін үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі кезде зейнетақы қызметтерінің 90%-дан астамын БЖЗҚ онлайн-форматта ұсынады. Сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетте салымшылар кез келген кезең үшін өз шотынан үзінді көшірме алып, жеке деректемелерін өзгерте алады. Сондай-ақ, болашақ зейнетақысының мөлшерін шамамен есептеп, жинақтарының бір бөлігін ИПБ басқаруына аудару немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруына қайтару туралы өтініш беріп, басқа да көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 1 шілдедегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 20 трлн теңгеге жетті
Среда, 21 Август 2024 13:022024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды. Жыл басынан бері 01.07.2024ж. дейін олардың өсімі 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті.
Отандастарымыздың жинақтарының 96% МЗЖ есебінен қалыптастырылды, оның көлемі 01.07.2024ж. шамамен 19,3 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23,7%, жыл басынан бері-11,3%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 619,9 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 22,9%, жыл басынан бері - 9%). Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі - 6,5 млрд теңге.
Зейнетақы жинақтарының маңызды құрамдауышы - зейнетақы жарналары, олардың көлемі 2024 жылдың 6 айында 1,3 трлн теңгеден асқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 28,4% немесе 290,8 млрд теңгеге артық. Атап кетейік, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 18,7%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20,3%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 30,4% көрсетті.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 6 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 98,9 млрд теңге болды.
Жинақтардың тағы бір маңызды бөлігі - инвестициялық кіріс. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,21 трлн теңгеге жетті.
Ағымдағы жылдың 6 айында БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары 457,6 млрд теңгеден асты. Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – ол шамамен 190,4 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есе жоғары.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 97,3 млрд теңге болды.
Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 17,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,5 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,9 млрд теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 117 млрд теңгеден астам сома аударылды.
БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 33 883 теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңгеге тең. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 111 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болды.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 12,4 млн бірлік, оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 688,6 мың - МКЗЖ бойынша, 421,3 мың - ЕЗЖ бойынша.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 3,9 млн бірлікке жетті. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескеріледі.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.
Отандастарымыздың 2024 жылдың 6 айындағы таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асты
Среда, 21 Август 2024 13:022024 жылдың 6 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есеге (немесе 638,4 млрд теңгеге) артық және жыл басынан бері 1,3 трлн теңге көлемінде аударылған жарналардың деңгейіне жуықтап қалды.
БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінен түсіп, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілік 2024 жылдың 6 айында 6,59% көрсетті. Жыл басынан бергі 01.07.2024ж. дейін инфляция деңгейі - 3,9%. Егер БЖЗҚ-ның соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігін қарастырсақ, онда осы кезеңдегі инфляция 8,4% болған кезде кірістілік 13,08% көрсетті.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптасқан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 1,84%.
Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында экономиканың Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі түрлі секторларының әр түрлі қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру орнықты инвестициялық кірістілікті қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жылда талдаған жөн. Мәселен, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейінгі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 876,87% көрсетті. Бұл кезеңдегі инфляция - 787,63%. Осылайша, ұзақ мерзім ішінде жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын - БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.
ЦИФРЛАНДЫРУ – ҰЛТТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕ
Среда, 21 Август 2024 06:00Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде «Кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндікке жол ашатынын уақыт көрсетті. Орасан зор технологиялық серпін беретін цифрландыру ісі осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз.
Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді. Жасанды интеллект, блокчейн, Интернет заттар (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) секілді жаңа тұжырымдар мен технологияларды кең көлемде енгізу ауыл шаруашылығынан бастап қаржы саласына дейін барлық саладағы ойын ережесінің өзгеруіне алып келеді. Бұл үрдістің Қазақстан үшін аса маңызды екенін анық түсінеміз. Басқаша айтқанда, цифрландыру біз үшін ұлттық маңызы бар мәселеге айналды. Біз Еуразиядағы ең ірі әрі озық цифрлық хабтардың бірі болуды көздеп отырмыз» деген болатын.
АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛАДЫ
Среда, 21 Август 2024 05:59Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы сібір жарасы, адам папилломасы вирусы сияқты аурулар бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың қалай қалыптасып жатқаны туралы айтып берді.
Қазына қаржысы тиімді жұмсалуы тиіс
Среда, 21 Август 2024 05:57Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Конституция күніне арналған негізгі іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы мен жобалық офистің жұмыстары талқыланды.
Қиын сәтте жұдырықтай жұмыла білдік
Среда, 21 Август 2024 05:55ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашев халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін Шымкент қаласына арнайы келіп, бірнеше нысандарды аралады.