Ұлт қайраткері – ұрпақ жадында
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:43Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 93 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері —ұрпақ жадында» атты тұлға ұрпақтарымен кездесу өтті.
«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:42Шымкентте «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жүлдегерлерді қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов пен қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтады.
СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
Среда, 04 Сентябрь 2024 04:39Шымкентте студенттерге арналған жайлы жатақхананың керектігі жиі айтылып жүрген мәселе болатын. Осы мәселені шешу жолында кезекті бір маңызды қадам жасалды. Жақында 550 студентке арналған студенттер үйі пайдалануға берілді. Жатақхана әр қайсысы 2-3 студентке арналған бөлмелерден тұрады. Барлығы жайлы жиһаздармен, замануи техникалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, студенттерге қажетті делінген өзге де игіліктер қарастырылған. Ал, ең маңыздысы жатақхана оқу орнына жақын орналасқан.
«Кселл» - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы «Кселл» халықаралық шараға қатысушыларды тегін интернет байланыспен қамтиды
Четверг, 29 Август 2024 12:17
Елдегі жетекші мобильді операторы «Кселл» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы атанды. Қос тарап тиісті меморандумға қол қойды. Бүгінде сайыс өтетін спорт нысандарында байланыс құрылғылары мен қосымша базалық станциялары орнатылып жатыр.
Атап айтсақ, «Кселл» компаниясының техникалық жасағы «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» атшабары және Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұзайдыны, «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені, ҚР Ұлттық музейі, «Думан» ойын-сауық кешені аумағына қосымша 4G және 5G базалық станциялары мен телекомуникациялық жабдықтарын орнатуға кірісті. Бұл шетелдік қонақтар мен қатысушыларға өз туған-туыстарымен еш кедергісіз бейнебайланысқа шығып, әлеуметтік желілерге фото, видео материалдарды жедел жүктеуге, таратуға, барлық цифрлық сервистерді үздіксіз пайдалануға мүмкіндік береді.
«Біз, ұлттық байланыс операторы ретінде, бұл ойындардың Қазақстанға қаншалықты маңызды екенін терең түсінеміз. Сондықтан осы халықаралық шараны мінсіз ұйымдастыруға үлес қосуды ұйғардық. Оның ішінде шетелдік қонақтар мен спортшыларды жылдам интернет пен сапалы байланыспен қамтамасыз ету –өте маңызды міндет. Сол үшін біздің мамандар жарыс өтетін барлық спорт нысандарында тиісті жұмыстарды атқарып жатыр,- деді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Дирекция басшысы Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы «Kcell» компаниясымен ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Kcell» компаниясымен ынтымақтастық – барлық қатысушыларды, спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді, еріктілер мен ұйымдастырушыларды сапалы ұялы байланыспен және тегін интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам. Ойындарды сәтті өткізуге және осы ауқымды іс-шараның барлық кезеңдерінде байланыс орнатуға үлес қосып, сенімді коммуникациялық инфрақұрылым жасауға атсалысқаны үшін «Kcell» компаниясына ризашылығымызды білдіреміз», - деді ол өз сөзінде.
«Кселл» аталған нысандардағы байланыс желілерін жетілдіріп қана қоймай, көшпенділер ойындарына қатысатын әр спортшыға, еріктілерге, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің әр мүшесіне 5G интернеті мен байланысы бар сим-карталарды тегін таратпақ. Бұдан бөлек, компания спорт кешендерінде Wi-Fi-сигналын тарататын арнайы 5G-роутерларын орнатпақ. Сондай-ақ, тақырыптық SМS-хабарламалар жолдауды жоспарлап отыр.
«Кселл» Қазақстанның халықаралық аренадағы мерейін асырып, беделін көтеруге бағытталған барлық жобаларды қолдауға әзір. Елдегі ең ірі байланыс операторы ретінде 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің ресми серіктесі болғаны -соның бір дәлелі. 2011 жылы Қысқы Азиаданың да ресми байланыс операторы боп таңдалғанымыз тағы бар. Енді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан да тыс қалмадық. Бұл шараны Қазақстан жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін,- деді Асқар Жамбакин.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - әлемдегі ең ірі ұлттық спорт додасы.Алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өткен. Астанадағы жаһандық жарысқа әлемнің 89 елінен 2800 адам қатысады. Олар 21 этноспорт түрінен сынға түспек. Оның ішіне бәйге, көкпар секілді ат спорты мен ұлттық күрес, зияткерлік ойындар мен садақ ату секілді сайыстар бар. Жалпы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Четверг, 29 Август 2024 07:53Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын!
Бауыржан ҚАЛЖАНОВ, Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ, ЕҢ АЛДЫМЕН, ТӘРТІП ПЕН НИЕТТІҢ ТАЗАЛЫҒЫ КЕРЕК »
Четверг, 29 Август 2024 07:51–Бауыржан Ахметұлы, елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға бағытталған түбегейлі қайта құрулар мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін көрсетіп отырған секілді. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
–Иә, мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру – уақыт талабы екені анық.Осы орайда биыл 17 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Онда мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, HR-процестерді басқару және цифрландыру, бюрократиядан арылған мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағыттары айқындалған. Бұл жүйе әкімшілік рәсімдерді түбегейлі өзгерту және цифрландыру, мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тарту барысында қабылданып жатқан шаралармен қатар жүргізіліп отыр.
Ж.Шанин театрының ашылғанына 95 жыл толғандығы архивтік құжаттар арқылы дәлелденді
Четверг, 29 Август 2024 05:34Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны архивтік құжаттар арқылы толық дәлелденді. Осыған орай театр биыл өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстелде айтылды. Дөңгелек үстелге – Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы Момбек Әбдәкімұлы, белгілі журналист, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай, Ж.Шанин театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек, театрдың көркемдік жетекшісі Сұлтан Оңғарұлы, сонымен қатар театр ұжымы қатысты.
Алқалы жиынды қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, театрдың тарихы жайында тың деректер келтірді.
– Бұған дейін өнер ордасының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептелетін еді. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысында «жұмыс істеп тұрған қазақ театрының әлеуетін күшейтуге дереу кірісу» жөнінде нұсқау берілген. Бұл театрдың тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден басталатынын көрсетеді. Архивтен Қызылордадағы Қазақ мемлекеттік театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры) саяси ағарту жөніндегі бас комитет мүшелері жиналысының 1927 жылғы 16 қазандағы хаттамасы алынды. Онда сол театрдың директоры Ж.Шанин театр режиссерлерінің тапшы екені жөнінде айта келіп «Қазақстанда режиссер болатын тек Аймауытов қана бар, одан басқа режиссер болатындай ешкім жоқ» деп атап көрсеткен. Ал, Ж.Аймауытов 1926-1929 жылдары аралығында Шымкентте орналасқан Сырдария округтік қазақ педагогикалық техникумында қызмет атқарған. Демек, Ж.Аймауытовтың сол жылдары Шымкентте театр ісін дамытумен айналысқаны анық, – деді Сәрсен Абайұлы.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының дирекциясы «I AM NOMAD» челленджін бастады
Среда, 28 Август 2024 12:56Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында Ойындар дирекциясы «I AM NOMAD» атты бірегей әлеуметтік желілер челленджінің басталғанын хабарлайды. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың басын біріктіріп, оларды жылдың басты оқиғағаның бір бөлшегі болуға шақыруға бағытталған.
Челленджге танымал тұлғалар да қосылды. Қалың көрерменнің сүйіктісі, танымал актер Асылхан Төлепов барлық жанкүйерді Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысуға және еркіндік пен көшпелі өмірдің рухын бейнелеген қозғалысты қолдауға шақырып, алғашқы қатысушылардың бірі болды.
Сонымен қатар, бұл челленджге танымал оңтүстік кореялық әнші Сон Вон Соб та қосылды.Ол көшпенділер мәдениетіне деген таңданысын білдіріп, Азия мен әлемнің басқа да аймақтарындағы жанкүйерлерін осы шабыттандыратын жобаға қатысуға шақырды.
Челленджге қатысу өте оңай: қазіргі әлемде көшпенді болу нені білдіретіні туралы қысқаша бейнежазба жасап, оны әлеуметтік желілерде #IAMNOMAD хэштегімен жариялау жеткілікті. Әрбір қатысушы еркіндік пен шытырман оқиғаларды сүйетін адамдарды біріктіретін жаһандық қозғалыстың бір бөлігіне айналады.
Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank.
Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.