ERNUR КОРПОРАЦИЯСЫНА – 30 ЖЫЛ
Пятница, 23 Август 2024 05:57Баспасөздің ел өміріндегі алатын орны жайлы сөз болғанда Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзін тағы бір еске алуға тура келеді. Ақпарат айдыны дәстүрлі медиа және жаңа медиа деп екіге бөлінді. Еркін ойдың алаңы саналатын әлеуметтік желі дәстүрлі БАҚ-тың бәсекелесіне айналды. Десек те, мерзімді басылымның орны орасан екенін мойындау керек. Шынайы ақпарат. Журналистік зерттеу. Салмақты сараптама. Қазіргі сәт сайын жаңаратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдықтар – осы. Ал, сол басылымның айқын әрі сапалы шығуына жауап беретін мамандар бар. Олардың еңбегін бірі білсе, бірі біле бермейді. Бүгін біз баспа ісінде 30 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан ERNUR корпорациясының өткені мен бүгініне тоқталатын боламыз.
АПАТТАР МЕДИЦИНАСЫ ОРТАЛЫҒЫ
Пятница, 23 Август 2024 05:54ең қиын сәтте көмекке келетін мекеме
«Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Расында да ешбір апатты дәл болжай алмаймыз. Ол адами фактордан болсын, табиғаттың дүлей күші болсын күні бұрын дәл болжап, оның алдын алу мүмкін емес. Сондықтан қауіпсіздікті қадағалап, қала тұрғындарын сақтыққа шақырып жүретін төтенше жағдай саласы қызметкерлерінің жұмысы қашан да қауырт. Сондай қиын шақта көмекке келетін құтқарушылар қатарынан табылатын медицина қызметкерлерінің де еңбегі елеулі. Осы тұста, қалада Апаттар медицинасы орталығы жұмыс істейтінін біреу білсе, біреу білмес.
«Таза Қазақстан»: Тұран ауданының тұрғындары белсенділік танытты
Четверг, 22 Август 2024 08:24Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты №8 шағын ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула» іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық іс-шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар, ардагерлер, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері қатысты. Олар А.Асқаров және Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын ретке келтіріп, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық акцияға қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын, – дейді Шымкент қаласы Тұран ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Әділбек.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.
«Таза жағалау» экологиялық іс-шарасына қатысушылар шымкенттегі қарасу өзенінің бойын тазалады
Четверг, 22 Август 2024 08:21Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойыншда туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатыр.
Осы орайда бүгін Шымкент қаласындағы Қарасу өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Өзеннің жағалауын тазалауға әкімдік қызметкерлері, қала жастары, аудан тұрғындары қатысты. Науқан барысында өзен жағалауынан бөлек, айналасының талдары қырқылып, шөптері орылды. Өзен бойындағы ит-мысықтар алаңы да тазартылды.
Тазалық акциясына Әл-Фараби ауданы бойынша 450-дей адам, 8 техника жұмылдырылған.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, өзен сулар бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», - дейді аудан тұрғындары. Сондай-ақ қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.
Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет
Четверг, 22 Август 2024 08:18Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысунан да байқауға болады.
Мәселен бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, Жасыл ел» жасақтарының мүшелеріжәне еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты. Аталған тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойын күл-қоқыстан тазалап, ретке келтіріп шықты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінде тазалық акциясына тұрғындар, жастар, мемлекеттік қызметкерлер атсалысып келеді. Бұл қазақ елінің татулығын, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Қаратау ауданына қарасты екі мекен-жайда тазалық жұмыстары қатар жүргізілуде. Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойы, жалпы 5 шақырым жерде тазалық жұмыстары жүргізілді. 150 -ге жуық адам қатысып, 8 техника жұмылдырылды», - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
«Таза Қазақстан» – өз қаламызға деген жанашырлықтың көрінісі
Четверг, 22 Август 2024 08:16Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасын тапты. Бүгін Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданында «Таза аула» тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.
Жалпы 100-ден астам адам шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларын ретке келтіріп, күл-қоқыстардан тазартты. Абай аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшылары да санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты. Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
ҚҰСБЕГІЛЕР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР
Четверг, 22 Август 2024 04:35
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша еліміздің үздік құсбегілері Көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түскен.
«Щучинск қаласында тамыздың 12-сі мен 25-сі аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынымызда 9 спортшы бүркіт, қаршыға және ителгі құстарымен жаттығып жатыр. Келесі оқу-жаттығу жиынымыз Астана қаласында, 27-ші тамыз бен 7-ші қыркүйек аралығында болады», - деп атап өтті Б. Күнтуған.
Құсбегіліктен ұлттық құрама мүшелері дайындық барысы жайында айтып берді.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бар білгенімізді, мүмкіншілігімізді пайдаланамыз. Еуропадан, Моңғолия, Қырғызстаннан мықты қарсыластар келеді. Олар да барын салары анық», - дейді құсбегіліктен ұлттық құрама мүшесі Ибрагим Базарбаев.
«Щучинск қаласында Көшпенділер ойындарына дайындық үстіндеміз. Қазір алдағы сайыстағы үш санат бойынша қатысатын үш бүркіт, үш ителгі, үш қаршығаны баптап жатырмыз. Олар жаз бойы түлекте болды. Енді етін тартып, жылдамдыққа дайындаймыз. Ал өзім додаға Алғыр атты бүркітпен қатысамын», - деп атап өтті құсбегіліктен ұлттық құрама мүшесі Серікбек Күнтуғанұлы.
Көшпенділер ойындары аясында құсбегіліктен (саятшылықтан) болатын сайыс қыркүйектің 12-13 аралығында, этноауыл аумағында өтеді.
Еске сала кетейік, Республикалық «Құсбегілік» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Көкпар», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.
Атап өтейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды қалай пайдалануға болады: қадамдық нұсқаулық және 2024 жылдың 7 айындағы нәтиже
Среда, 21 Август 2024 13:06"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей етіп бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балалар үшін БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Ал 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.
НЖ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 Қаулысымен,
- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығымен және
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 29 "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен айқындалған.
Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:
18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі нысаналы жинақтарды enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте немесе egov.kz порталы арқылы өз бетінше тексере алады.
2023 есепті жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары көлеміндегі сома есептелгенін қосымша мәлімет ретінде хабарлаймыз.
НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) интернет-ресурс арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.
УО төлемге өтінішті қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.
НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.
УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.
НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз:
https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8.
Бағдарламаны іске асырудың 7 айында, яғни 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 1,7 млн АҚШ долларына 16 891 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 956,7 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9 544 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 736,9 мың АҚШ долларына жуық сомаға 7 347 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (921,2 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9 189 өтініш), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 11,5 мың АҚШ долларынан астам сомаға 115 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін-9,9 мың АҚШ доллары сомасына 99 өтініш орындалды.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (590,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 5 884 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (108,2 мың АҚШ долларына жуық сомаға 1 078 өтініш, шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (30,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 301 өтініш) орындалды.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында беру туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпенenpf.kz сайтында танысуға болады.