66cf02cbed01a 2

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан ұлттық құрама мүшелері сақадай сай. Біз Астанаға ертерек келіп, жылқылардың алаңға жылдам бейімделуіне жағдай жасап жатырмыз. Бүгін алаңмен таныстық. Сапасы өте жақсы. Әрине, дүбірлі дода өз жерімізде өтетін болғандықтан үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз. Ең бастысы – көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетіп, алтынға қол жеткізу», – деп атап өтті көкпардан ұлттық құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында дайындығымызды пысықтау үшін Астанаға келдік. Ойын алаңы көңілімізден шықты, жылқыларға да өте ыңғайлы. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біз соңғы рет көкбөріні 2016 жылы ойнадық. Осыған дейінгі тәжірибемізді ескерсек, көкбөрі спортынан біздің жігіттер алтыннан үмітті», – дейді көкпардан ұлттық құрама мүшесі Ұлан Байтөреев.

Көкпар және көкбөрі спортынан сайыс қыркүйектің 9-ы мен 12-сі аралығында елордадағы «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді. Әр спорт түрінен 12 қатысушы болады. Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

photo 5361649323798028795 y

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды шара.

Мөрлеу рәсімі ресми ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова арнайы пошта мөрімен мөрлеу рәсімін жүргізді.

Рәсім барысында ДКО дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның мәдени мәніне ерекше тоқталды.  

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен бірегей байланыс. Мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл біздің өткенімізге деген мақтаныштың және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы. Бұл бастаманың адамдарды біріктіріп, көшпенді халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға шабыттандыратынына сенеміз және қуаныштымыз».

Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл тек біздің мәдени мұрамызға деген құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар көшпенді халықтардың дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға қосқан елеулі үлесіміз. Біз мәдени диалогтың дамуына және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан тұтамыз», - деді.

Бұл пікір 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының терең мәдени маңыздылығын және мерейтойлық марканы шығарудың символдық мәнінің орны ерекше екенін көрсетеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен өзіне деген адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер.

Марка тиражы 5000 дана, номиналды құны – 500 теңге. Ультракүлгін бояумен және алтын фольгамен бедерлеу арқылы қорғаныс элементтерін қолдана отырып жасалған марка кез келген коллекцияның ажырамас бөлігіне және көшпенді халықтардың мәдени мұрасына деген құрметтің символына айналады.

Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank.

Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

ДАМУДЫҢ СЫРЫ – БІРЛІКТЕ

Среда, 28 Август 2024 04:55

Ата заңымызда «...тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Иә, біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет.

birlik

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков өңірлік коммуникациялар алаңында басқарманың 1-ші жарты жылдығы бойынша есеп берді.

BriFFF

ҚОС КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Среда, 28 Август 2024 04:53

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабының және Ғалымжан Битұрсынның «Өмірді сүй. Адамды құрметте» атты жинағының тұсаукесері рәсімі өтті.

Kitap

Қыркүйек айының 3-7 күндері аралығында елімізде Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 10-жуық команда қатысады. Отандық командалардың саны – 9. Қазіргі уақытта қатысушыларды тіркеу аяқталды.

 

Шымкентте биылғы жаз бұрынғы жаздан өзгерек. Олай дейтініміз, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ерекше демалыс сыйлау мақсатында "Шым қала кештері" атты концерттік бағдарламаларын 27 шілдеден бері тұрақты өткізіп келеді.

oner

Еліміздің басты құжаты – Конституциямыздың қабылданғанына биыл 29 жыл. Егеменді еліміз үшін Ата заңымыз – ең басты құндылық. Өйткені халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мемлекетіміздің дамуы, болашағы осы құндылығымыз – Конституциямызға байланысты.

Kons10

Страница 44 из 923