Шымкентте 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз гранттар бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде 217 адамның бизнес-жобасы мақұлданып, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетілді.

kaitarim

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер және денсаулық сақтау саласында соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар қаралды.

AkiMmm

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды.

«ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН»

Среда, 14 Август 2024 06:06

немесе

белсенді әскери резерв еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтады

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығы мен қорғаныс қабілеті – еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі. Әлемдегі геосаяси жағдай бүгінгідей барынша күрделі болып отырған кезеңде бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті бола түскені белгілі. Мұндай аласапыран кезеңде тек өз еліміздің саяси-дипломатиялық потенциалы мен әскери күш-қуатына арқа сүйемесек, екіталай күн туғанда бізді сырттан келіп ешкімнің қорғамайтыны айдан анық.

OtaN

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. ...Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Яғни біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалар едік. Мұны тәжірибе көрсетті. Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды» деп атап өткен болатын.

otbasi

бүкіл өндірістік циклды жүз пайыз өз күшімен іске асырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз. Сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек» деген болатын.

transformat

Сайлау алды бағдарламаның орындалуы «AMANAT» партиясының назарында. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс нысандары мен қала аумағындағы өндіріс орындарының жұмыс барысына бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңес «Жұлдыз» индустриалды аймағында көшпелі отырысын өткізді.

Kompani

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында онлайн-сауда платформасын меңгеру бойынша вебинар-курс ұйымдастырылды. Онда шағын кәсіпкерлер Wildberries маркетплейсінде сауда-саттық жүргізу туралы біліктілік арттырды. Алдымен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев елімізде жүзеге асырылып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасы туралы қысқаша мәлімет беріп өтті.

kasipker

Страница 52 из 923