Кәсіпкерлік: оңтүстік көш басында
Пятница, 17 Февраль 2017 05:48Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша облыстар арасында бірінші орында келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны 173 770 жетіп, елдегі осы саладағы үлестің 14,6 пайызын көрсеткен.
Елімізде бүгінде кәсіпті дамыту бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Тиісінше қаржы-несиелік қолдау саясаты да жетілдіріліп келеді. Осы қолдаулардың арқасында шағын және орта кәсіпкерлік саны мен олармен өндірілетін өнімдердің көлемі артуда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, өткен жылдың тоғыз айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 627,6 млрд теңгеге жетіп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44 млрд теңгеге немесе 7,5%-ға өскен. Облыстағы шағын және орта бизнестің дамуына үлесін қосып келетін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бір жыл ішінде 37 232 кәсіпкерге көмек көрсетті. Сонымен қатар, өз ісін бастаймын деген азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2 339 кәсіпкерге қаржылай (6,6 млрд тг.) қолдау көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 628,3 млрд теңгені құрайтын 1 300 жоба мақұлданып, 17 981 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2016 жылы 146,2 млрд. теңгеге 303 жоба іске қосылып, 2 126 жұмыс орны құрылды.
Ал кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде. Ауылдар мен шалғайдағы елдімекендердегі кәсіпкерлікті қолдайтын орталық 2016 жылы 7,4 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы бағытындағы 2024 жобаны қаржыландырған. Нәтижесінде 1 635 тұрақты және 3 мыңға жуық маусымдық жұмыс орындары ашылды.
Оңтүстіктен 100 ерікті қатысады
Среда, 15 Февраль 2017 04:52Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев биыл Астанада ұйымдастырылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы ерікті жастармен кездесті.
Көрмеге өңірімізден арнайы іріктеуден сәтті өткен 100 ерікті қатысады. Жиында көрмеге дайындық барысы туралы баяндама жасаған облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Сейітжаппаров халықаралық шара басталғанға дейін еріктілердің сан түрлі білімін шыңдап, пысықтау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Атап айтқанда, арнайы мамандар Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік саласы аясында бір ай көлемінде 80 сағат семинар-тренинг өткізеді.
Жиында шара кезінде облысымызға келетін шетелдік туристерді күтіп алып, өңірмен таныстыру мақсатында да аймақтың барлық аудандарында еріктілер жасағы құрылып, осы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Шымкент қаласы мен облыстың туристік-мәдени кешендерінде («Rixos Khadisha» қонақүйі, «Шымкент Плаза» ойын-сауық орталығы, Арыстан баб және Қ.А.Яссауи кесенесі және т.б.) ерікті жастар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы ақпараттың халыққа кеңінен насихатталатыны айтылды. Бұдан бөлек, отырыста ерікті жастардың жетекшісі Ботагөз Ізтілеуова дайындық барысы туралы баяндап, кезігіп жатқан өзекті мәселелерге тоқталды. Ал бірқатар волонтерлар шет тілдерінде өз ойларын жеткізіп, аймақ басшысымен пікірлесті.
Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы ерікті жастардың бұл жұмыстары еліміз үшін өте маңызды екеніне тоқталып, шетелдік қонақтарға тиісті деңгейде қызмет ету қажеттігін айтты. Еске сала кетсек, биылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін шарада шетелден келген қонақтарға гид-экскурсоводтық қызмет көрсетуге 3 мыңдай ерікті жұмылдырылмақ. Олардың 1500-і Астана қаласынан болса, 100-і ОҚО-дан, ал қалғандары басқа өңірлерден.
Несие алардағы алғашқы қадам: сiз ненi бiлуiңiз керек?
Пятница, 10 Февраль 2017 05:28Қарапайым заңдылықа салсақ, әр қазақ өз елінде бай болуы тиіс. Бірақ бәрі солай ма? Қаржылық сауат, жеке капитал туралы сөз қозғалғанда осы сөзді ауық-ауық айтамыз. Расында да, бүгінгідей Тәуелсіздікке қол жетіп, алға қарай дамыған елімізде халықтың әл-ауқаты артып, өз құқықтарын толық білуі керектігі заңдылықтай көрінеді.
Соңғы деректерге сүйенсек, ел тұрғындарының тұтынушылық несие бойынша қаржы мекемелерінің алдындағы қарызы 2,3 трлн теңгеге жетіпті. Елде несие алғандар саны 5 миллионнан асады. 1 млн-ға жуығы қарызды уақытылы төлеуге қауқарсыз болып отыр.
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАҒЫЛАРҒА КЕШІРІМ БАР
Бүкіл дүние жүзі елдері қазір несиемен өмір сүруге көшті. Біз де одан түбегейлі бас тарта алмаймыз. Өйткені, әлемдік тәжірибе солай.
Несие алып, қарыздың қамытын кигендер көбеймесе, азаяр емес. Нарық заңдылығы бойынша өркениет алға қарай дамыса, сен де жетіліп отыруың керек. Газетімізде бұған дейін де «Несие несібені еселей ме?», «Үнемшілдікті үйрене білсек» деп біраз жағдайларды сөз еткен едік.
Банкке қарызы барлардың бәрі өз құқын біледі деп айту да қисынға келмейді. Ондай азаматтармен жиі-жиі жолығып та жүрміз. Мәселелерінен де хабардармыз. Кейбірі өз қалаларында банктің бөлімшелері, тіпті банкомат жоқтығын айтып, мұңын шағады. Тіпті, кейбірі екінші рет қарыз алмауға бекінген сыңай танытады.
Әзірге, әлеуметтік топтағыларға несие өтеуге кешірім берілуі несие алушылар үшін қуанышты жаңалықтың бірі. Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Парламенті Мәжілісі «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, мүгедектер, соғыс ардагерлері, зейнеткерлер мен жұмысқа жарамсыз жандарға банк кешірім беруді қарастырып отыр.
2017 ЖЫЛ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
Жыл басында «Егемен Қазақстан» газетінде қаржы сарапшысы Ербол Азанбектың «Несие нарығының бір жылы» деген мақаласы жарық көрді. 2016 жылы елдегі несие нарығының жағдайы сараланыпты. Онда мынадай деректер келтірілген: «Бірінші кредит бюросы сарапшыларының айтуынша, 2016 жылы несие тарихының базасына 500 мың келісімшарт қосылған. Бұлардың 315 мыңы – жаңа борышкерлер. Яғни, бірінші рет несие алғандар».
Бұдан бөлек, қаржы сарапшыларының пікірінше, 2017 жылы несие нарығында әртүрлі кепілсіз тұтынушылық несие мен тауарлық несиеге, сонымен қатар, халықтың несиені онлайн ресімдеуге ынтасы артуы мүмкін екені жазылыпты.
АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫНЫҢ 20 ПАЙЫЗЫ ҒАНА – НЕСИЕЛІК ТӨЛЕМ ҮШІН
Жалпы, несие алуға шешім қабылдаған азаматтардың сол сәттегі жағдайы әрқилы. Кейбірін расында қаржы тапшылығы қинаса, енді бірі оңай жолмен ақшаға кенелуді ойлап, бірақ оның салдары қандай екеніне басын ауыртпайтындар.
Банк табалдырығын аттамас бұрын өз қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеп алуыңыз қажет. Өкінішке орай, бізде бәрі олай емес. Қаржы сарапшылары бұл ретте бірқатар жағдайларды қарастыруды ұсынады. Енді осыған келейік.
Жеке есеп жүргізудің ең тиімді тәсілі – әр тиынды есептеп отыру. Яғни, ыңғайлы болу үшін үш негізгі баған сызып, оған кіріс, шығын, жинақтауларды жазып отыру. Ай сайынғы кіріс пен шығындардың айырмашылығы автоматты түрде үшінші бағанға түседі. 10 пайыз жиналған ақша мөлшері сарапшылардың көзқарасының тұрғысынан тиімді болып есептеледі. Бірақ, жиналған статистикаға сәйкес, шығындарының үлесі 50 пайыздан асатын адамдардың қаржылық жағдайы ауытқуларға бейім болады.
Егер сіздің отбасыңызда тұрақты есептер бойынша тапқаныңыздан жұмсағаныңыз көп болса, онда апта сайынғы есептеу шараларын жасап отыру қажет.
Мұнда ескерер тағы бір жағдай: кестеде «кіріс» пен «шығын» бағандары тағы бірнеше бағанға бөлінеді. Мәселен, белгілі бір жалақыны белгілей отырып, түрлі көзден алынған кірісті ескеріп отыруға болады. Ал шығындарды азық-түлік сатып алу, коммуналды қызметтер, ұялы байланыс және интернет төлемдерін төлеу, жаңа киім-кешек алу, сауық-сайран және т.б., деп бөлу керек. Бар болса, жеке тармақпен «қарыздарды» белгілеп отырыңыз. Оларды жақын арада өтелуі қажет – қысқа мерзімділерге және ұзақ мерзімділерге бөлген дұрыс.
Сонымен қатар, «болжанбаған шығын» бағанын қосыңыз: оған отбасылық бюджеттен алынатын ірі жоспарланбаған қаржылар жатады. Алғашқы кезде есептерді әр аптаның аяғында жасап отыру қажет, ал жиынтық көрсеткіштерді айдың қорытындысы бойынша немесе айлық кезеңі біткеннен кейін бағалаған жөн.
Шығындардың барлық баптарын тұрақты түрде зерттеп отыру қандай шығындардың азайғанын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ай сайын дүкеннен азық-түлік алған жағдайда және аптаның ортасында супермаркетке баруды шектесеңіз шамамен 30 пайыз қаржыны үнемдейді екенсіз.
Егер «сауық-сайран» бабына көп ақша кететін болса, бос уақытты ұйымдастырудың балама, тегін тәсілдерін ойлап тапқан жөн. Сонымен қоса, киімді жеңілдікпен сатып алу да көп үнемдеуге мүмкіндік.
Жалпы айтқанда, тұтынушылық несие үшін ай сайынғы төлемнің көлемі отбасылық бюджеттегі максималды рұқсат етілетін үлесі 20 пайыздан аспауы тиіс.
ИДЕНТИФИКАЦИЯЛЫҚ ҰРЫДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Тағы бір есте ұстар мәселені сөз етейік. Әр адамның жеке құжаттары (СТН, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі) ешуақытта қол жететін жерде тұрмауы тиіс. Өйткені, бүгінде азаматтардың жеке куәлігінің нөмірлерін біліп алып, қолдан құжат жасап алатындар бар. Мұндай жағдайда несие сіздің мойныңызға жазылып, еш түсіңізге кірмеген банкке қарыз болып шыға келуіміз мүмкін.
Әзірге, жеке куәлікте де, ЖСН-де де ешқандай қорғаныс деңгейлері болмағаны алаяқтар үшін қол болып тұр. Мұндай алаяқтық әрекеттер тек
Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде болып жатқан жағдайлар. Алаяқтықтың мұндай түрімен айналысушыларды «идентификациялық ұры» деп атайды.
ЕҢ ДҰРЫС НЕСИЕ – БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН НЕСИЕ
Қорыта айтқанда, несие алуда шарттың барлық тармақтарымен келісімді жүргізетін тұтынушының өзі. Сол себептен, келісімшарт қаншалықты күрделі және ұзақ болып жатса да, әрбір жекелеген тармақты оқып, түсінбегенше ештеңеге қол қоймаған жөн. Шарт – сіздің құқықтарыңызға кепілдік беретін жалғыз құжат емес. Бірақ, көпшілік жағдайда ол кез келген түрдегі дауларды шешуде анықтаушы бола алады.
Соңғы кездері БАҚ беттерінде қарыз алушылардың түрлі қиындықтарға ұшырағаны жөнінде мәселелер ара-тұра жазылып жүр. Кім де болса қарыз алу бар да, оны қайтару да бар екенін ұмытпауы тиіс.
Біздің ата-әжелеріміз мүмкіндігінше біреуге қарыз болмай, барға қанағат, жоққа сабыр деп күн кешуді үйрететін. Қазір олай айтатын кісілер де азайды. Қоғам өзгерген сайын, адам да өзгеріп жатыр.
Қарыз алып, ешкім де шалқып жүрген жоқтығы тағы ақиқат. Оның үстіне, қарыз беру – туған-туыстар, достар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына да әкеп соқтырары да белгілі.
Жалпы, ең дұрыс инвестиция – адам капиталына салынған инвестициялар. Бүгінгі нарықтық қоғамда мүмкіндігінше, білім алуға, бір мамандықты игеруге ұмтылса, ең жақсы игілік осы болса керек. Білім мен біліктілігі бар адам еңбек нарығына тез бейімделіп, жұмысқа тез орналасады, сондай-ақ, білікті маманның еңбекақысы тәжірибесі аз әріптесіне қарағанда жоғары болатыны белгілі. Сол себептен, көп жағдайда кәсіби мамандығы бар, өз-өзін жетілдіріп отыратын азаматтар ғана несиемен өмір сүруге бейімдірек келерін статистика мәліметтері де растайды.
Яғни, қаржыдан қатты қысылып, несиеге мұқтаж болған жағдайда, ең алдымен тек құлқынды ғана ойламай, қаржыны өз-өзіңізді жетілдіруге жұмсаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
– Несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Сондықтан, шарт соңында өз қолыңызды қояр алдында барлық ай сайынғы шығындарды есептеп алыңыз. Ай сайын жалақыңыздың 20-30 пайызынан аспайтын сома бергеніңіз тиімді екенін есте ұстаңыз.
– Несие менеджерінің сізге барлық қосымша комиссиялар туралы, сонымен қатар, борышкерлікті өтеу шарттары туралы айтып беруі қажет екенін есте сақтаңыз.
– Несие алғыңыз келсе, өзіңіздің құқықтарыңыз бен міндеттемелеріңізді білген өте маңызды. Яғни, қаржылық сауаттылық көптеген қателіктердің алдын алуға бірден-бір сеп. Тіпті, заңды білген адам несиелеудің кейбір түрлері бойынша төлем мөлшерін кеміте алады.
– Несиелік шартты жасасу барысында делдалдың қызметін пайдаланушы болмаңыз. Бұл ретте, алаяқтардың құрбаны болып кетуіңіз әбден мүмкін.
2 электр станциясы салынуда
Среда, 25 Январь 2017 04:28Оңтүстікте электр энергиясының тапшылығы өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде бұл бағытта өңірімізде ірі жобалар қолға алынып жатыр. Қазір Шымкентте 2 электр станциясының құрылысы жүруде.
Облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтуда өткен жылы атқарылған айтарлықтай істер бар. Мәселен, 2016 жылы облыстық бюджеттен 5,534 млрд теңге бөлініп, 22 нысанның құрылысы жүргізілген. Нәтижесінде, 585,8 шақырым электр желілері мен 233 дана КТП орнатылып, 72 мың тұрғын тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылған.
– Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 350 мың халық пен әлеуметтік нысандарды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құны 6,7 млрд теңгені құрайтын 220 киловольттық «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласында 80 мың халықты қамтитын 110 киловольттық «Астана-1,2» қосалқы станциясының құрылысы басталды, – деді ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М. Марайым.
Мәліметтерге сүйенсек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициясы есебінен 4,86 млрд теңгеге 610,9 шақырым электр желілері мен 108 дана қондырғыларға қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілген. Осылайша, электр жүйелерінің тозығы жетуі 57,5 пайыздан 55 пайызға төмендеп отыр.
Британдықтар – Шымкентте
Пятница, 20 Январь 2017 09:18Британдық BBC телеарнасы «Top Gear» бағдарламасының Шымкент қаласы туралы эпизоды наурыз айында көрермендерге ұсынылады.
Осыдан ілгері «Top Gear» бағдарламасының өкілдері Шымкент қаласында болып, танымал шоудың жаңа сериялының көрінісін түсірген болатын.
«Түсірілім өте табысты өтті», – деген бағдарлама редакторы Алекс Рентон осы сәтті сапар үшін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа Алғыс хат жолдады. Ол фильм түсру барысындағы ең әсерлі эпизодтар Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде шырайлы Шымкент қаласында өткенін, осы түсірілімге қолдау көрсеткені үшін қала әкіміне ризашылығын білдірді.
«Top Gear» британдық телеарналардағы ең танымал бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарлама 1977 жылдан бастап шығарыла бастаған. 350 миллионнан астам ресми аудиториясы бар. Эфирдегі көрсетілім ұзақтығы – шамамен 60 минут. Құрылғаннан бері «Эмми» және тағы басқа телевизиялық марапаттардың иегері.
– 2020 жылға қарай, Шымкент тұрғындар мен туристер үшін тартымды, ыңғайлы қала болуы тиіс. Бұл біздің қаламыздың дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты болып табылады. Біз үшін, «Top Gear» әуелі тұтастай алғанда ерімізді, оның ішінде Шымқаламызды халықаралық аудитория назарын аудартуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Біз аталған бағдарлама тобының Шымкентті түсірілім алаңы ретінде таңдағаны үшін алғысымызды бірдіреміз, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Жаңа талап»: сіз – бізбен, әлем сізбен бірге!
Среда, 18 Январь 2017 06:23Көзі қарақты көпшілік біледі, Шымкенттегі «Жаңа талап» спорттық-туристік агенттігі 2016 жылдың үздік туристік ұйымы атанған болатын. 2010 жылы компанияның құрылуынан бастап атына сай «жаңа талапты» игере отырып, туристік сала нарығындағы жаңа стандартты қызмет көрсетудің озық үлгісін ұсынуда. Агенттік алты жыл ішінде өздерін сенімді серіктес, кең ауқымды қызмет түрін көрсетуші ретінде таныта білді. Оның жеңісінің құпиясы неде? Бұл жөнінде өз ойымен бөліскен «Жаңа талап» спорттық-туристік агенттігінің директоры Денис Жарменов мекеменің атқарылған істері мен болашағы жайлы баяндап берді.
– «Жаңа талап» – еліміздегі жалғыз спорттық-туристік агенттік – дейді Денис Қасымұлы. – Біздер спорт пен туризмді бір арнаға тоғыстырып, күш біріктіре білдік. Тұжырымдаманы жасауда негізгі күшті белсенді демалыс пен экстремалды спорт түріне бағыттай отыра, облысымызға туристерді тартып, ішкі туризмді дамытамыз. Бірақ, әрине сыртқы туризмге де қызмет көрсетеміз. Бүгінгі таңда агенттік қызметкерлерінің көмегімен әлемнің түкпір-түкпіріне баруға мүмкіндік туып отыр. Бүкіл әлем бойынша кең ауқымды турлар ұйымдастырамыз, оның ішінде: фитнес-тур, емдік-айықтыру турлары, тарихи-қажылық турлар, шоптур, экологиялық тур, сондай-ақ тау-шаңғы және жағажай турлары. Еліміздің спорт жанкүйерлерін ірі халықаралық жарыстарға жібереміз. Сонымен қатар, әуе және теміржол билеттерін алуда, қонақүй бөлмесін брондауда, шетелдіктердің күтіп алуына, қиындықта виза рәсімдеуге көмектесіп, кез келген көлік түрімен тасымалдау қызметін ұсынамыз.
«Абырой – ақшадан қымбат» деген ұстанымда қызмет ету біздердің жеңісіміздің құпиясы болса керек. Әрбір тұтынушыға өзіндік ерекше назар аударамыз. Тіпті ең «қытымыр» туристің өзі бізге разы болып кетіп жатады. Сондықтан да, біз үшін ең алдымен қызмет көрсету деңгейі – басты назарда. Біздегі мамандар біліктілігін жоғарылату мақсатында үнемі семинар мен мастер-класқа, ақпараттық турларға қатысып тұрады.
Бізге сенім білдірген қазақ-стандықтардың артуына орай, биылғы жылы «Жаңа талап» туристік агенттігінің Астана қаласында филиалын ашпақпыз. Осылайша облысымызға келетін туристер ағынын ұлғайтуға тырысамыз.
Елімізде туризмнің тұрақты дамуы үшін табиғат русурстары мен таптырмас мүмкіндік бар екенін айта кету керек. Бұл сала аймақтың гүлденуінің бастауы екенін түсініп, қолдау көрсетуші жергілікті биліктің болуы да үлкен рөл атқарады. Тиімді туристік орталық құру үшін мемлекет тарапынан, сонымен бірге отандық және шетелдік инвесторлар тұрғысынан да қаржылық салымдар қажет.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінде туризм саласын жұмысының маңызды бағытына айналдырды. Бұл ретте Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін туризм саласын дамыту бағдарламасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде танылады.
Біздің облысымыздың туристік бағыты тамаша табиғат көріністерімен, көшпелілер тирихы мен мәдениетін, тарихи қала тынысын таныстыруды ұйымдастырады. Қазір туризмнің даму бағыты облыс әкімінің қолдауының арқасында дұрыс жолға қойылуда. Олар – Түркістан және Отырар аудандарындағы тарихи-мәдени туризм орталығы, Сарыағаш ауданында – емдеу-сауықтыру туризмі, Түлкібас пен Төлеби (Қасқасу) аудандарында, Шардарада экологиялық, тау-шаңғы және жағажай турлары бар. Жалпы алғанда, облыс басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстар ОҚО-ның туристік әлеуетін көтеруге жол ашатынына сенемін. Облыстық кәсіпкерлік палатасы, Марат Қарабаевтың басқаруындағы индустриалды-инновациялық даму және туризм ұйымы, «ОҚО туристік индустриялық даму орталығы» Ассоциациясы (жетекшісі Гүлмира Ахбердиева), «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталық (директоры Жасұлан Тулебеков) біздерге үлкен көмегін көрсетуде. Осы ұйымдармен бірлесе «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туристерінің бағытын жасауға қатысамыз. Әрине, бұл іс-шара еліміздің беделін асқақтатуға зор үлесін қосады. Оның қатарына 29 қаңтарда Алматы қаласында бастау алатын ХХVІІ қысқы Бүкіләлемдік Универсиада да кіреді. Әлемнің әр түкпірінен келген туристерге қазыналы Оңтүстікті таныстыруда мол мүмкіндік берері сөзсіз.
ОҚО-да спорттық туризмді, оның ішінде белсенді демалыстың барлық түрін дамыту керек деп ойлаймын. Биыл біз Алматыда өтетін ірі халықаралық көрмеге қатысып, «ОҚО-ның су әлемі» деп аталатын жобасымен таныстырамыз. Түрлі мемлекеттен келген қонақтарға облысымыздың су жүйесінің дамуы мен бағыттарының барлық мүмкіндіктері көрсетілетін болады. Сондай-ақ, оның базасында қолдануға болатын белсенді демалыс ұйымдастыру көрсетіледі. Атап айтсақ, өзенге серуен, балық аулау, су шаңғысы, дайвинг, т.б. Бұған облысымызда өзен мен көлдер жеткілікті деп айтуға болады.
«ШК» АНЫҚТАМА
Денис Қасымұлы Жарменов – байдарка мен каноэ есуден Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, байдарка мен каноэ есуден ОҚО федерациясының президенті, «Жаңа талап» спорт-туристігінің директоры.
2012 және 2014 жыл қорытындысымен облыстың үздік жаттықтырушысы болып танылған. Олимпиада қозғалысына қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің дипломымен марапатталған.
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаевпен бірлесе отырып облыс басшылығына Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл Қазақстанның басты қаруына айналатын ОҚО-дағы есу арнасының құрылысының жобасын ұсынбақпыз. Жоба эскизі дайын. Бұл еліміздегі алғашқы есу арнасы болмақ.
Айта кету керек, екі жыл бұрын Бадам су қоймасында әмбебап есу кешені ашылған. Бұл оқиғаны оңтүстікқазақстандық спортшылар 20 жыл күткен болатын. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойынына оңтүстікқазақстандық ескекшілер ең көп лицензияны жеңіп алғанын да ескеру қажет. Инчхонда өткен Азия ойындарында ОҚО өкілдері бес алтын жүлдені олжалады. Қазақстандағы жалғыз жастар арасында әлемнің бес дүркін жеңімпаздары ағайынды Емеляновтар екенін ерекше айтып өткеніміз жөн.
Өсіп келе жатқан ескекшілердің бұдан да жоғары жетістіктерге жетуі үшін арнаны құру қажет. Бұл жерде Әлем кубогі, Азия чемпионаттарын өткізуге де болады. Бізге әлемнің спортшылары мен жанкүйерлері келіп, спорттық доданың көрігін қыздыруға қолайлы жағдай жасалады. Бұл жоба нәтижесінде облысымыздың туризмі қарқынды дамып, облысымызды жан-жақты насихаттауға болады. 2,5 шақырымға созылатын жарыс алаңымен қатар, волейбол ойнауға арналған алаң, кіші футбол, велосипед пен жүгіру кілемі, аквапарк, демалыс аймағына айналатын инфрақұрылымы жоғары деңгейдегі арна салынбақ. Жағажай аймағында суда мотоциклмен жүру, катамаран, скутер, су шаңғысы, парасейлинг секілді танымал суда демалу түрлері ұйымдастырылады. Аталған жоба инвестиция тартуға өте қолайлы. Жоба тек спортшыларға ғана емес, облысымыздың мыңдаған тұрғындары денешынықтыру және спортпен айналысып, тамаша демалыс сыйлауға жол ашады.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі 8/48
Тел.: 8 7252 390 445, 8 7252 56 11 83, 8778 146 25 25
website: www.zhana-talap.com
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма: 09:00 - 19:00, сенбі: 09:00 - 15:00
e-mail:
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
instagram: @turfirma_zhana_talap
Жедел жәрдемге – 30 автокөлік
Среда, 18 Январь 2017 06:17Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел жәрдем қызметіне 30 автокөлік табыс етілді.
– Жалпы, облыста жедел жәрдем қызметін көрсететін 261 көлік бар. Оның 20 пайыздан астамы бүгінгі күнге жарамсыз деп айтуға болады. Сол себепті, оларды жыл сайын азайтып, орнын жаңа көліктермен алмастырып отыратын боламыз, – деді Жансейіт Қансейітұлы жедел жәрдем қызметінің мамандарымен жүздесуде
Жылына 5 мың дана жиһаз шығарады
Пятница, 13 Январь 2017 08:25Шымкентте тағы бір жаңа кәсіпорын іске қосылды. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Мега Смарт» ЖШС-і МДФ жылтыр плитасын дайындап, кеңселерге қажетті жиһаз шығарады. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев елдегі үздік жобалардың бірі саналатын кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.
Өткен жылы «Оңтүстік» индустриалды аймақ дирекциясының бас директоры Мұхтар Тұрабеков көлемі 262 га «Тассай» және «Бадам» аймақтарының құрылысы аяқталуға таяғанын мәлімдеген еді. ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Тассай» индустриалды аймағында фармацевтикалық зауыттың құрылысы мен светадиодтты шамдар, ортопедиалық бұйымдар, жиһаз өндірісіне арналған МДФ панельдері зауыттары іске қосылатынынан хабардар еткен.
Міне, жыл басталысымен жаңа кәсіпорын іске қосылып отыр. Бүгінде аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынып жатыр. Соның бірі – 3D форматындағы 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы «Мега Смарт» жобасы.
– Облыста құрылған барлық индустриалды аймақтарда әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалды. Бүгін ашылып отырған жоба бойынша облысқа 545 млн. теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді Жансейіт Қансейітұлы кәсіпорынның ашылу рәсімінде.
Мұнда кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Кәсіпорын басшылары келешекте жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасауда. Қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында кәсіпорынның арнайы өкілдіктері жұмыс істейді.
Айта кетсек, бүгінде «Тассай» индустриалды аймағында «Шымқай«, «Платан» ЖШС-і де жиһаз дайындау жобасын қолға алмақ.