Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тікелей эфирінде тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. «Әкім сағаты» хабарында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасады. 2 сағатқа созылған тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан 600-ден астам сұрақ түсті.

19059972 1325982694184733 9121410058189174491 n

Сауалдардың басым бөлігі негізінен, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, коммуналды шаруашылық, білім, денсаулық сақтау, туризмді дамыту, т.б., маңызды салаларға қатысты болды. 

– Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінде 50 мың отбасыны біріктірген 468 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Тасқын судың алдын-алу әрі егістік алқаптарды суландыру мақсатында өзендердің бойынан 16 су қоймасын жүргізу жоспарлануда. Оған 9,3 млрд. теңге қаралып, нәтижесінде 17 мың алқапты суландыру көзделуде. Биыл елді мекендерді газдандыру және електр энергиясымен қамту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылады, – деді өңір басшысы тікелей эфирде. 

Облыста биыл 57 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалмақ. Жалпы, өңірдегі 844 елдімекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. 

Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленген. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру көзделіп отыр. 

Жансейіт Қансейітұлы 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленіп отырғанын атап өтті. 

Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берді. Бүгінде аймақта елді мекендердің 73 пайызы ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 4-ші орында. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары 844 елдімекеннің 701-іне ауыз су жеткізіледі. 

Сұхбат барысында жауап беріліп үлгермеген сауалдардың жауабы алдағы уақытта облыс әкімінің ресми сайтында жарияланбақ.

Қазақтың ұлттық сусындарға деген құрметі әрдайым ерекше. Шымкентте ұлттық сусындарға деген сұраныс та артып келеді. Қаланың төрт ауданы бойынша да жыл бойы құнарлы тағамдар сатылып жатыр: қымыз-қымыран, айран, боза, сары май, құрт, қаймақ, сүзбе, көже дейсіз бе, бәрі бар. Мұндайда ағарған ішуге құмартатындар  көбейеді.

75f671052ae6fdb6e7fc341937646899 big

Рас, бойды да, ойды да сергітетін ұлттық сусындарға деген құрметіміз артпаса, кеміген емес. Өткен жылы Арғынбеков пен Бәйдібек би даңғылы қиылысынан «Сыбаға» дәмханасының ашылғанын оқырмандарға хабардар етіп едік. 

Қазір қымыз-қымыран сатудың өз ережесі бар. Шымкент қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындарын белгілеу туралы қала әкімдігінің Қаулысы шыққан. Бүгінгі таңда қаланың төрт ауданында ұлттық сусын сататын 25 киіз үй бар. Оның ішінде: Абай ауданында – 8 (Асқаров, Өтегенов, Т.Рысқұлов көшесінде), Әл-Фараби ауданында – 3 (А.Байтұрсынов, Ш. Қалдаяқов көшесінде), Еңбекші ауданында 6 – (Жібек жолы, Сайрам және Жолан батыр көшесі, Қ. Жандарбеков гүлзарының жанында) және Қаратау ауданында – 9 орыннан («Нұрсәт» шағынауданында №2,81, 126,132, 212 үйлердің жаны, «Асар», «Бозарық» шағынауданында) адам қарасы үзілмейді. 

749e4c846d75ba6929835a6b57c3bfef

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі сауда секторының меңгерушісі Қайрат Базарбековтың айтуынша, жалпы қалада 157 көшпелі сауда орны заңды түрде жұмыс істейді. Қазақтың оюлы киіз үйлерінен бөлек, дәмханалар мен сауда дүңгіршектерінде де қымыз-қымыран сатылуда. 

– Өткен жылдың тамыз айында қабылданған Қаулыға сәйкес, кәсіпкерлер заң шеңберінде жұмыс істеп жатыр. Азаматтар да қаланың тазалығын сақтау жауапкершілігі зор екенін ұғынып келеді. Ұлттық сусындар сататын орындар да көбейген. Кей жағдайда халықтың сұранысын қанағаттандыру бойынша да көшпелі сауда ұйымдастырылады. Мәселен, облыстық онкологиялық аурухананың жанынан түйе сүтін сататын орын ашылды, – дейді ол.
Бұл орайда қандай қиындық болса да, ұлттық сусындарды дәріптеп жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өткен жөн. Ұлттық құндылықтарымызды үзбей насихаттап, қала тұрғындарының алғысын арқалап жүрген кәсіпкер қауымына айтар алғыс мол.

Ташкент қаласының әкімдігі Шымкенттен жеке сауда орталығын ашуды жоспарлап отыр. Осылайша Шымкент пен Ташкент қаласының ынтымақтастығы одан әрі дами түспек. Өзбекстан делегациясының облысымызда өткен екі күндік тауар өндірушілер көрмесі барысында екі қала басшылығы осындай меморандумға қол қойды.

 DSC4015

Мұндай жаңалықты өзбекстандық Podrobno.uz. сайты да жариялады. Екіжақты құжат Шымкентте сауда үйін ашуды, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуды көздейді.

Шымкентте екі күн бойы өзбекстандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылған-ды. Оның аясында шымкенттіктердің назарына ташкенттік артистердің өнері, өзбек асханасының фестивалі ұсынылды.

Облыста мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің саны жылдан-жылға артып, қоныстойлар көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы 242 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 131 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қалған 111 тұрғын үй құрылысы 2017 жылға өтпелі. Биылғы меже бойынша өңірде 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

00330

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің алқа мәжілісінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді. Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған басқарма басшысы негізгі бес бағытқа тоқталды. Бірінші бағыт – ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру келесі бағыты – жеке құрылыс салушыларды ынталандыру. Мұнда жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету негізге алынған.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік баспана салу үшінші бағытта көзделген. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы төртінші бағытта. Ал бағдарламадағы бесінші бағыты – жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Бұл бағыттың шеңберінде көптеген озық әлемдік қалалардың үлгісінде бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үйлер салуға басымдық беріледі. 

Мәжілісте сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаланың өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұрғандығын, оларды қамту мерзімі әлі нақтыланбағанын алға тартты.

– «Оңтүстік ӘКК» арқылы инвесторлар тарту керек. Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек, шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс, – деді қала басшысы.

Баяндамашылардың есебін тыңдаған соң облыс әкімі құрылыс саласы бойынша жұмыстар талапқа сай атқарылуы керек екенін жеткізді, сондай-ақ үй тұрғызғанда оңтүстіктің ауа райы да назардан тыс қалмауын ескертті.

42 тұрғын үй жөнделеді

Среда, 05 Апрель 2017 04:16

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті.

gorod shymkent

Күн тәртібінде барлығы 19 мәселе қаралды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов «Өңiрлерді дамыту-2020» бағдарламасының орындалу барысы жайлы мәлімет берді.

– «Өңiрлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде, 2011-2016 жылдар арасында 110 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 1 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Биыл тағы 42 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді баяндамашы.

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік саласының өзекті мәселелері қозғалды. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, қаланың шалғай,  «Ынтымақ», «Қазығұрт», «Мирас», «Текесу», «Бадам-2», «Айнатас», «Жаңаталап», «Ақжар», «Ақтас», «Өтеміс», «Абдулабад», «Достық-2», «Асар-2» шағынаудандарында қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын ұйымдастыруда қиындықтар болған.

– Сол себепті, аталған шағынаудандарға баратын әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Шымкент bus» ЖШС-мен бірлесіп 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттарды айқындау жұмыстары біткеннен соң «Шымкент bus» ЖШС-не жаңа автобустар алу жоспарлануда.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау танытты.

Түркиядағы Анталия индустриалды аймағының делегациясы өңірімізде жұмыс сапарымен болды. Делегация мүшелері алдымен Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтың жұмысымен танысып, ондағы кәсіпорындарды аралады.

 turik kaspikerleri

Өңірдің экономикалық әлеуетімен танысқан түрік кәсіпкерлері аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, болашақта бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді. 

Түркиялық кәсіпкерлердің өңірімізге іссапарының мақсаты – ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға инвестициялар тарту, осы саладағы орта және шағын бизнесті дамыту. Осы сапар аясында түркиялық үш компаниямен – «Çitello» (кептірілген жемістер және азық-түлікке арналған қаптама өнімінің өндірісі), «SiMGETEK A.S.» (жылыжайға арналған жабдықтарды өндіру және орнату) және «CUBO» (құрғақ құрылыс қоспаларын және бояу өнімдерін өндірісі) компанияларымен Оңтүстік Қазақстан облысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Түрік кәсіпкерлері Оңтүстікке сапары аясында жергілікті кәсіпкерлермен B2B кездесулер өткізді.

Партия қатарына қабылданды

Пятница, 03 Март 2017 05:39

Наурыздың 1-і күні «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл толды. Көшбасшы партия мүшелерінің саны да жылдан-жылға артып келеді. Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегенов бірқатар азаматтарды марапаттап, салтанатты түрде партиялық билеттерді табыс етті.

IMG 20170301 164330

Бекайдар Мұсаұлы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды айта келе, жаңадан мүшелікке қабылданғандардың қадамына сәттілік тіледі. 

– «Нұр Отан» партиясы үлкен күшке айналды, көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Партия Елбасы саясатын халыққа кеңінен насихаттау, халықтың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру саясатын одан әрі жалғастыра бермек. Енді сіздерге де зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Елдің дамуына адал қызмет ету – зор абырой, – деді ол. 

 

Жиында мемлекеттік қызметте, білім саласында өнімді еңбек етіп жүрген 17 партия мүшесіне «Алғыс хат» табыс етілді. Сонымен бірге, осы салаларда белсенділігімен көзге түскен 10 адам партия қатарына қабылданды.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жарияланған болатын. Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына іссапармен барып, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасына дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

turkistan

Өңір басшысы алдымен халықаралық деңгейде тойланғалы отырған Наурыз мерекесі өтетін алаңда болып, қонақтарға қазақтың салт-дәстүрін паш ететін этноауыл мен қолөнер қалашығын аралап көрді. 

Халықаралық мәдени шараға жауапты жұмысшы тобының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың айтуынша, шараға келетін қонақтардың жалпы саны шамамен 800 адам болмақ. Жалпы іс-шараға 4-5 мың халық қатысады деп жоспарлануда. Шара аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде 22 наурыз күні ресми қонақтардың қатысуымен «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Сапар барысында өңір басшысы Оңтүстік жұртын ауқымды іс-шараға атсалысуға шақырып, жауапты азаматтарға қала көшелері мен іс-шара өтетін аумақты безендіру, қонақтарды облыстағы тарихи-мәдени орындармен таныстыру, тіл білетін мамандармен қамтамасыз етуді жүктеді. 

– Елімізде алдымен Астана қаласының, енді ер түріктің бесігі болған Түркістанның осындай марапатқа ие болуы еліміз үшін оның ішінде Оңтүстік өңірі үшін зор мақтаныш. Сондықтан жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде өткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жауапты сәтте жұмыла жұмыс істеп, қазақ халқының қонақжай пейілін түркі жұртына паш етуге тиістіміз, – деді Жансейіт Қансейітұлы. 

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында 42 мәдени іс-шара өтеді деп жоспарлануда. Оның 14-і «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымы тарапынан өткізілсе, алтауын еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі, 21-ін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырады. 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түркістан қаласында түбі түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдердің фестивалі өткізіледі. Сонымен қатар бағдарламада ақындар айтысы, түркі мемлекеттері әйелдерінің форумы, түркі əлемі журналистерінің форумы суретшілердің кездесуі, қолөнер шеберлерінің фестивалі, әдеби журналдар редакторларының конгресі, ақын, жазушылармен кездесулер бар.

Страница 8 из 14