КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ Избранное

Среда, 16 Октябрь 2024 08:57 Автор  Опубликовано в Сыбайлас жемқорлық Прочитано 430 раз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті комплаенс қызметкерлеріне кезекті оқыту семинары өтті. Комплаенс мектебі аясындағы дәстүрлі оқыту семинарына квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлері қатысты.

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ

Комплаенс қызметтері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген жауапкершілік миссиясы жүктелген.
Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Оқыту семинары жыл сайын, дәстүрлі форматта ұйымдастырылып келеді. Б.Асанбаев комплаенс офицерлері белсенді жұмыс істесе, жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік бар екенін айтты. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде ашықтық, әділдікті қамтамасыз ету назарда тұр.
Бүгінгі семинарда квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатуда тиімді коммуникация дағдыларының өзектілігі, жобалық менеджмент жүйесін квазисектор саласына енгізудің өзектілігі тақырыбы қамтылды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп берді. Қазіргі таңда ашықтық, айқындық қағидалары өзекті болып отыр.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Биыл бруцеллез ошақтарының саны 59%-ға азайды