ҚАЛА ӘКІМДІГІ 285 БІЛІМ ГРАНТЫН БӨЛДІ Избранное

Пятница, 23 Август 2024 06:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 346 раз

Биыл Шымкент қаласының әкімдігі қаланың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға стипендиясы бар 285 білім беру грантын бөледі. Бұл жөніндегі ресми мәлімдемені өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жариялады.

granT

 

«Биыл біз жастардың сапалы білім алуына және кәсіби деңгейі өсуіне жағдай жасау мақсатында тағы бір маңызды қадам жасадық. Қала әкімдігі мегаполистегі жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін абитуриенттерге шәкіртақысымен бірге 285 грант бөледі. Қаламыздың тірегі болатын жоғары білікті мамандар даярлау қажеттілігінің артып келе жатқанын ескере отырып, осындай шешім қабылдадым» деп жазды Ғабит Әбдімажитұлы.
Оның сөзіне сүйенсек, берілген гранттар сапалы білім алуға және мегаполис пен жалпы еліміздің дамуына үлес қосуға ұмтылған дарынды және ынталы жастарға жаңа мүмкіндік ашады. «Білімге салынған инвестиция – біздің болашағымызға салынған инвестиция», - дейді шаһар басшысы.
Қала әкімі грантта оқуға ниет білдірген барлық абитуриенттерді әкімдіктің ресми ресурстарындағы жаңалықтарды бақылап, конкурстық іріктеуге белсенді қатысуға шақырған.
Ғ.Сыздықбеков «Сіздердің білімдеріңіз бен дағдыларыңыз – Шымкенттің табысты дамуының кепілі. Әрбір дарынды жас өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатындай болашақ құрайық», - деп ойын қортындылаған.

А.Сайлауұлы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.