АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 23 Август 2024 06:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 437 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Amanat» партиясы филиалында азаматтарды қабылдап, тұрғын үй, жер қатынастары, кәсіпкерлік және көлік инфрақұрылымы салаларындағы мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, тұрғындар қалада су құбырларының өткізгіштігін арттыру үшін автоматты тазарту станциясын орнату туралы ұсыныстарын да жеткізді.

Akim

 

Мегаполис басшысы әріптестерімен бірге қала әкімдігінде 120-дан астам азаматты қабылдады. Тұрғындар білім беру, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, ерекше балаларға арналған мектеп салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жобаларын таныстырды.
Жалпы, қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары халықтың өтініштерін тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.