Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Избранное

Четверг, 29 Август 2024 07:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 322 раз

Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын!

Kons

 

Конституция – Қазақстандағы тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, бүкілхалықтық референдумда еліміздің Ата Заңын қабылдады. Бұл құжат тәуелсіз еліміздің іргесін нығайтып, жас мемлекеттің қанатын кеңге жаюына және халықаралық қауымдастықта өз орнын алуына жол ашты. Ата Заңымыз әртүрлі тарихи кезеңдерде Қазақстанның дамуына тың серпін беріп, жеткен жетістіктерінің берік негізіне айналды.
Конституциядағы негізгі нормалардың орындалуы – мемлекеттің дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Сондықтан, Ата Заңды қастерлеп, онда белгіленген принциптерді сақтау – әрбір азаматтың борышы.
Өздеріңізге белгілі, осыдан екі жыл бұрын республикалық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан осынау конституциялық реформаны бекер жүзеге асырған жоқ. Бұл қазіргі алмағайып шақта бүкіл ел тағдырына, мемлекеттілік тарихына деген жауапкершілік пен замана артар ауыртпалықты биліктің барлық тармағының тең арқалауы үшін қажет болды.
Ата Заң — Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Бүгінде Конституциямыз өркениетті елдерге тән демократиялық нормалар мен қағидалардан тұрады. Олай болса, Конституция еліміздің барлық жетістіктерінің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін сенімді тірек болып қала береді.

Қадірлі шымкенттіктер!
Мерейлі мереке – тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданған күнмен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!

Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.