КӨК ТУЫҢ ТӨМЕН ТҮСПЕСІН, ЕЛІМ! Избранное

Среда, 30 Октябрь 2024 05:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 174 раз

Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай елімізде бір мезетте көк Туымызды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік рәсім Шымкент қаласы Shymkent City шағын ауданында ашылған Ту тұғырында өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қоғам қайраткерлері және еліміздің болашағын қалыптастыратын жас буын да қатысты. Көкке көтерілген туымыздың бейнесі олар үшін мақтаныштың, еркіндіктің, елімізді сүюдің символына айналды.

biKKT

 

Қаланың әр тұсынан көрінетін жаңа, биіктігі 100 метрлік ту бағанасында ұзындығы – 30 метр, ал, ені – 15 метрлік үлкен байрақ желбіреп тұр. Мемлекеттік Тудың қала көгінде желбіреп тұруы халқымыздың көңіліне патриотизм рухын ұялатқандай.
Tulip Hail орталығының жанына Ту тұғырын орнату бұл жерді шаһардағы жаңа көрнекті орынға айналдырды. Оның биіктігі Ордабасы алаңындағы 50 метрлік Ту бағанасынан едәуір асып түседі. Бұл Шымкент қаласының серпінді дамуын және қаланың жаңа биіктерге ұмтылуын бейнелейді.

biKKT-10


Шымкент тұрғындары мен қонақтары атап өткендей, биікте желбіреген көк байрақ бүкіл халқымызды бір тудың астына біріктіре отырып, бірлік пен ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Мемлекеттік Туымыздың ашық көк түсі бейбітшілік пен ашық аспанды, елдің тұтастығы мен болашаққа деген сенімді білдіреді. Тудың ортасындағы алтын күн мен қыран бейнесі халқымыздың еркіндікке, жаңаруға және жарқын болашаққа ұмтылысын көрсетеді. Бұл бейнелер біздің болмысымыздың терең мәнін ашады, ұлттық мақтаныш сезімін арттырады.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ОРТА ТАПТЫҢ ҮЛЕСІ – 39,5 ПАЙЫЗ