АСАР-2: ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР КЕЛЕР ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1295 раз

Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданы 279 гектар аумақта орналасқан. Онда 3700 отбасы тұрады. Бір мектеп пен бір балабақша бар. Шағынауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселеде тұр.

288

 

Электр жарығы желісі бойынша 2 139 электр бағанасы орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып, нысан басына жеткізілді, 30 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1000 үй бойынша ЖСҚ жасалуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Ауыз сумен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. Екінші кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталмақ.
2700 үй мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған 1000 үйді қамту бойынша биыл құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Шағынауданда 3 көше асфальтталған, 35 көшеде тас жол. Биыл Күншоғыр және атауы жоқ №3,4 көшелерге асфальт төселеді. 2023 жылы – 5,8 шақырым, 2024 жылы 9,5 шақырым жолда құрылыс жүргізіліп, 2025 жылдың жоспарына сәйкес, орташа жөндеу жұмысын толық аяқтау жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.