Тұрғын үй сертификатына 500 млн теңге қаралды Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1619 раз

Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.

289

 

1 миллион теңгелік сертфикат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй сатып алу барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек. 2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғынға сертификат өтеусіз көмек ретінде беріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Осы жылға арналған тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау әлі басталмады. Алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады.
Айта кетерлігі, тұрғын үй сертификатын беруге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс. Қажет құжаттарды электронды форматта өздері жүктейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.