– Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы төлемақы беріледі. Дегенмен, біздің қор ерекше отбасыларға қол ұшын созу – азаматтық борыш деп есептейді. Қор жасақтаған арнайы тізім бойынша айрықша отбасылардың материалдық қажеттіліктерін толықтырып отырамыз, - деді «Мейірбан» қоғамдық қорының басшысы Сәуле
Бердіқожақызы.
Қайырымдылық шарасынан кейін қор өкілдері аталған шағын ауданының ардагер қарияларына дастархан жайып, елден бата алды. Сондай-ақ, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында көпбалалы аналарға арнайы сыйлықтар табыстады.
Кездесу аясында Абай аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Асыл әжелер» тобы әннен шашу шашты.
Айта кетейік, қор жетекшісі Сәуле Бердіқожақызы «Асыл әжелер» тобының мүшесі. Наурыз мейрамына қарсы Шымкенттік әжелеріміз Түркияда ұйымдастырылып жатқан сайыста Шымкент қаласының атынан бақ сынамақ.
Ақбөпе ЕРГЕШ