РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1183 раз

Қазақстанда «Көктем–2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. 3-4 наурыз күндері жалғасатын іс-шара көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған. Осыған орай Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шараларды басқару бойынша жедел штаб отырысы өтті.

415

 

Оған құтқарушылардан бөлек қаладағы төрт аудан әкімдігі, түрлі басқармалардың өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, денсаулық сақтау, әскери бөлімдердің қызметкерлері, «Қазгидромет», «ҚазТрансГаз» секілді компаниялардың мамандары қатысты.
– Оқу-жаттығу сценарийі бойынша 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні жауған қатты нөсер жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Бадам өзені тасып, арнаның бағыты күрт өзгеруі мүмкін. Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған елді мекеніндегі үйлерді су басу қаупі туралы ақпарат келіп түседі. Осыған орай бүгінгі жаттығу барысында оқиға орнына өрт-құтқару бөлімшелерінен мамандар мен техника жіберіледі. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде қауіптің алдын аламыз, – деді қалалық ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев.
Оқиға орнына келген штаб өкілдері қосымша арнайы техника жұмылдыруға шешім қабылдайды. Сонымен қатар, дабыл белгісі бойынша өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару жасағы, «Қазселденқорғау», апаттар медицинасы орталығының бригадасы қосымша жіберілді.
Бадам өзенінің ескі арнасы техникамен нығайтылды. Ал мамандандырылған жасақ су басуы мүмкін үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Оқу-жаттығуға жалпы 12 техника мен
50 адам жұмылдырылды.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.