ЖӘРДЕМАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ Избранное

Пятница, 11 Март 2022 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 854 раз

Шымкенттік 600-ге жуық әйел көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды. Өткен жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге төртінші немесе одан кейінгі баланы туған кезде тағайындалатын жәрдемақыны алу үшін ХҚО-ға жүгіну міндетті емес, мемлекеттік орган қызметті қашықтықтан SMS арқылы ресімдеуді ұсынды.

469

 

Бұдан бұрын аталған жәрдемақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға барып, өтініш жазып, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктері мен неке қию куәлігі сияқты құжаттарды ұсыну қажет еді, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалатын.
– Отбасында төртінші немесе одан кейінгі бала туған жағдайда, проактивті түрде баланың туу туралы куәлігін, бала туу мен оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды ғана емес, көпбалалы отбасылар жәрдемақысын ресімдеуді ұсынатын SMS-хабарлама да жіберіледі. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажет мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. ХҚО-ға барудың қажеті жоқ, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Әділ Қожықов.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.