70 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ Избранное

Пятница, 05 Январь 2024 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 452 раз

Бүгінде Қаратау ауданы аумағындағы 631 шақырымды құрайтын 595 көшенің 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымына топырақ төселген. Былтыр 50 шақырымдық 70 көшеге асфальт төсеу жұмысы жүргізілді. Ал, 33 шақырым 41 көше шағал таспен көмкерілді.

jol

 

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. Жыл соңына дейін жалпы 87 көшеге 48,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан жарықтандырылған 18 көше энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өтті. Ал, 2025 жылға дейін 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.