Жаңару күніне орай Шымкент қаласы №2 Оқушылар сарайында «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс шарасы өтті. Ашық аспан астында алты қанат киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. «Наурыз думан» композициясында қазанат мінген жаршылар көктемнің, Наурыздың келгенін дүйім елге сүйіншілесе, Қыдыр ата жиналған көпшілікке ақ батасын берді. Әжелер алқасы…
Кез-келген ұлттың өзіне тән, атадан балаға ауысып келетін, маңызын жоймайтын ұлттық құндылықтары болады. AMANAT партиясы жанынан құрылған TALQYLAU қоғамдық диалог алаңында өткен «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты жиында осы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы үлкен проблеманың бірі жастардың әлеуметтік желіге, смартфон, гаджет…
Бүгінде қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі – ажырасу. Соңғы жылдары елімізде шаңырағы шайқалған отбасылардың саны артқан. Тіпті, Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 16-шы орында тұр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда неке құрған әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Осыған орай үшінші мегаполисте «Отбасын жоспарлау және отбасылық психология» тақырыбында семинар өтті.
Шымкенттегі А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Американдық бұрыштың ұйымдастыруымен қаламыздағы мектептер арасында робототехника турнирі өтті.
Шымкент қаласындағы GraMaD сауда үйінде сатушылар мен қала тұрғындарына өрт сөндіру және құтқару құралдарын көрсету үшін оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Шымкентте Наурыз думан басталып та кетті. Қалада 14 наурызда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен тойланды.Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған «Көрісу – жаңа өмір, жаңа күн» іс-шарасына 20-ға жуық мәдениет мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Іс-шаралар бір мезгілде қаланың көрікті үш локациясында —…
«Көрме» орталығында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарын жабдықтауға арналған жиһаз көрмесі ұйымдастырылды.
Жыл сайын төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі тойланып келеді. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев баспасөз брифингінде биылғы мерекенің он күндік жоспарымен таныстырды.
сыбайлас жемқорлықпен күресу жолын үйретті Шымкент қаласы әкімінің аппараты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне байланысты семинар ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімі аппараттары мен басқарма басшылары, квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлері қатысты.
Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 200 адамға «Рамазан қоржыны» таратылды.