... Қала орталығындағы көп қабатты үйлердің бірінен хабарлама түсті. Қоңырау соққан – кішкентай балалардың өзі. Үйде үлкендер жоқ, өздері ғана. Балалар кішкентай болғандықтан мекенжайларын нақты білмейді.
2022 жылы қала аумағында су жиналу қаупі бар 52 нүкте анықталса, өткен жылы бұл көрсеткіш 31-ді құраған. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жылдан-жылға инфрақұрылым жақсарып, атқарылған жұмыстар нәтижесінде қызыл су жүруі мүмкін аумақтар жойылды. Қазіргі уақытта қала аумағында қар еріп, жаңбыр жауған кездегі жағдай тұрақты.…
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Астана қаласында робототехникадан өткен «Central Asia FIRST Championship» жеңімпаздарымен кездесті.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көліктерде жалақыны көтеруге қатысты қазіргі жағдайларды мұқият зерделеп, қалалық мәслихаттың наурыз сессиясының күн тәртібінен осы мәселені қарастыруды алып тастау туралы шешім қабылдады.
1 Наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Бұл күн биыл «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен аталып өтіледі. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев баспасөз брифингінде аталған мерекеге орай бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын мәлімдеді.
Қалада кезекті жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтіп, тұрғындардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды. Сағат 10:00-де дабыл жүйесі қосылып, мектепке дейінгі мекемелерде, білім беру орындарында, әкімшілік ғимараттарда, ықтимал қауіпті нысандарда және тұрғын үй секторларында кезекті сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындарға жер сілкінісі болған жағдайда…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты мекемелер басшыларына қала тазалығын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновация бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлерге барды.
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.
Шымкентте ХҚКО-да постоматтар орнатылды. Енді азаматтар дайын құжаттарды постоматтардан 24/7 режимінде өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады.