Тұран ауданына қарасты 82 көшеге биыл жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы баспасөз брифингінде Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков мәлімдеді.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, 2024 жылға арналған жоспарын таныстырды.
Алматыны қайта-қайта дүр сілкіндірген зілзаланың салқыны өзге өңірлерге де тимей қалған жоқ. Салынғанына 50-60 жыл болған көпқабатты үйлердің тозығы жеткені, апаттық жағдайда тұрғандары бар. Ондай үйлерді күрделі жөндеуден өткізуден гөрі жаңадан салу ыңғайлырақ әрі мегаполистің ажарын жаңа сәулетімен ашады.
Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ әйел азаматша аталмыш комиссияның төрағасы Аида Балаеваның арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
«Өздеріңіз жақсы білетіндей, экономиканың дамуы инвестициялық белсенділікке байланысты. Қалада әр салада инвестицялық тартымдылық артып келеді. Соңғы бес жылда 2,2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 3,7 есеге артып отыр. Ендігі ретте белсенділігімізді төмендетпей, инвестиция тартуды әрі қарай жалғастыруымыз керек». Шымкент қаласының әкімі…
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов қасиетті Рамазан айының ережелері мен тәртіптері, қасиетті Қадір кешін өткізу, мешіттерде тарауих намазын оқу, ауызашар рәсімдері, т.б жағдайларды баяндап берді. Биылғы Рамазан айы 11 наурызда басталды. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – Қадір түні, 10 сәуір – Ораза…
Қаратау ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және биылға арналған жоспарлары туралы баспасөз брифингі өтті. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов инфрақұрылым саласы, аулаларды абаттандыру, жолдар құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Шымкент қаласының жаңа ипподромында ұлттық ат спорты – бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының іріктеу турнирі өтті. Сайысқа Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 9 өңірден 80 ат қатысты.
иегерлеріне бір реттік төлем жасалады 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай, көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі. 2019 жылдан бері қала мәслихатының шешімі негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем төленеді.
Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде мегаполис басшысы аудан әкімдеріне қала тазалығы бойынша тапсырмалар беріп, Наурыз мерекесіне дайындық барысын пысықтады. Сондай-ақ, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық туралы баяндалды.