Сайлаушы нені білуі қажет?

Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 876 раз

2022 жылғы 20 қарашада еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында өз еріктерін білдіру үшін, белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тегіне, әлеуметтік және лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, он сегіз жасқа толған кезде сайлауға дауыс беруге қатысу құқығына ие болады. осы тұрғыда сайлаушы нені білу керек? Назарыңызға қажет
ақпаратты ұсынамыз.

 

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ЕНГІЗУ

Сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелген ҚР азаматы енгізіледі.
Сайлаушы өінің болатын жері бойынша учаске тізіміне енгізу жөнінде әкімдікке өтініш беруге құқылы.
Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне ене алады.
Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріп немесе тізімге енгізу үшін қайда жүгіну керек екенін әкімдіктің сайтында немесе жергілікті атқару органның Call-орталығына қоңырау шалу арқылы тексеруге болады
2022 жылғы 4 қарашадан бастап азаматтарды дауыс беру орны туралы хабардар ету ұйымдастырылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКІЛЕРІНЕН ТЫС ЖЕРДЕ ДАУЫС БЕРУ

1. Дауыс беру күні сайлау учаскісіне келуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан азаматтары сайлаушылар тізіміне енгізілген учаскіден тыс дауыс бере алады.
Негіздері:
. денсаулық жағдайы;
. отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау;
. шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуы.
1. Ол үшін сайлаушы орналасқан жері бойынша дауыс беру туралы өтініш пен жазба өтініш беру керек;
2. Өтініш беру мерзімі – дауыс дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ге дейін;
3. Бюллетень сайлаушыға жазбаша өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат негізінде беріледі;
4. Дауыс беру құпиясы міндетті түрде сақталады.

ШЕТ ЕЛДЕ ДАУЫС БЕРУ

Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскілері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілетін азаматтар:
- шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарда жүрген;
- жеке шақыру бойынша келген;
- қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген;

Оларда ҚР азаматы деген жарамды паспорты болған жағдайда;
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскілерінің тізімімен сайттаарда танысуға болады.

www.election.gov.kz
www.election.gov.kz/memleket/entities/mfa

САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМДЕРІНДЕГІ ӨЗІҢІЗ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Әрбір азамат өзі туралы деректерді тексеруге құқылы.
Сайлау учаскілерінде сайлаушылар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда сайлаушылар тізіміне өздері туралы деректердің дұрыстығымен таныса алады;
Сайлаушылар тізіміне түзетулер енгізу немесе сайлаушылар тізіміне енгізу қажеттігі туралы өтініштерді сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Мақұлданбаған жағдайда азаматқа
дәлелді шешімнің көшірмесі кешіктермей беріледі.

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ

Сайлаушы орнын ауыстырған жағдайда 4 қарашадан 19 қарашаға дейін басқа сайлау учаскісінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады.
Есептен шығару куәлігін 4 қарашадан 19 қарашаға дейін алуға болады.
Есептен шығару куәліктерін беру 19 қараша сағат 18:00-де тоқтатылады.
Дауыс беру кезінде сайлаушы есептен шығару куәлігін жеке басын куәландыратын
құжатты көрсетеді.
Учаскелік сайлау комиссиясы азаматты сайлаушылардың тізіміне қосады және дауыс беру бюллетенін береді.

Мәлімет ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтынан алынды

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АРХИВ – ТАРИХ САҚТАУШЫСЫ Сайлау – 2022 »