ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ӘСКЕРИ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Среда, 21 Август 2024 05:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 188 раз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заң үстемдігі орнаған құқықтық қоғам орнату үшін қылмыс пен құқықбұзушылықтың, тәртіпсіздіктің кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануымыз керектігін айқындап берді. Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құкық бұзушылықтың алдын алу және әскери тәртіпті нығайту бойынша айтарлықтай үйлесімді жұмыстар жүргізілуде.

 

Әскердегі құкық бұзушылықтардың алдын алуда, әсіресе, әскери қызметшінің әскери борышын барынша мүлтіксіз орындауында бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі үшін әскери жарғылар мен әскери антты меңгере отырып, жауаптылық сезіміне тәрбиелеу, жеке қасиеттерді шыңдау маңызды.
Алдын алу шараларының ішінде ең кең тарағаны және тиімдісі – заңдарды түсіндіру жұмыстары. Бұл мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, әскери прокуратура органдары бағдарламалық құжаттар аясында жеке құрамды құкықтық тәрбиелеу жұмыстарына ерекше назар аударып отыр.
Әскердегі құкықтық тәрбиенің маңыздылығы өте жоғары, өйткені, ол қызметтік-әскери қатынастарды жақсартуға, әскери қызметшінің жан-жақты және үйлесімді дамуына жағдай жасауға негіз болады.
Жауынгерлердің заңдарды, жарғыларды қалай құрметтейтіні, оларды қаншалықты дәл орындайтыны, әскердегі әскери тәртіпті нығайту қажеттілігін терең түсінуі Қарулы Күштерге жүктелген маңызды міндетті орындауға тікелей әсер етеді.
Құқықтық тәрбие - әскери қызметке деген саналы көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы. Сонымен қатар, талдау нәтижелері әскерде жүргізіліп жатқан құқықтық үгіт-насихаттың ауқымы мен оның кәсіби деңгейі кей жағдайда талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп отыр. Бұл жағдай заң жұмысының барлық жерде жетілмегендігін, оның тиімділігін арттыруға үнемі тиісті деңгейде назар аударыла бермейтіндігін көрсетеді. Құқықтық үгіт-насихат мәселелерін шешу оңай шаруа емес. Заңнама - өзінің мазмұны бойынша терең ғылым. Сондықтан оның нормаларын түсіндіру үшін тиісті теориялық дайындығы бар білікті мамандар керек.
Құқықтық тәрбиенің түпкі міндеті - заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің құқықтық нормаларды қатаң және тұрақты орындау қажеттілігін түсінуін қамтамасыз ету, заңдылық пен құкықтық тәртіп үшін белсенді күрес, заң нормаларын сақтауды әр адамның үйреншікті ісіне айналдыру.
Құқықтық білім беруде тұрақты қызмет ауқымын белгілеу мүмкін емес. Бұл жерде формализмге жол беруге де болмайды. Іс-шараның барлық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылықпен қарау арқылы табысқа қол жеткізуге болады. Мұндағы тиімділік бастамашылдықпен, үлкен белсенділікпен және іс-шараларды өткізуге сараланған көзқараспен байланысты.
Әскери құқықтық тәртіпті қатаң сақтаудың, әскердегі қылмысты жоюдың нақты алғышартын жасау бұл жұмыстың дұрыс түсінуге, оны одан әрі жетілдіруге байланысты.

С.АБДРАХМАНОВ,
Шымкент горнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры,
әділет майоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.