КІТАП – РУХАНИЯТТЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ Избранное

Среда, 21 Август 2024 05:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 190 раз

Кітап – досың, сырласың, ақылшың. Кітап оқи отыра өмірлік сабақ та аласың, дана да боласың. "Кітап маған тақтан да қымбат", – деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөздерден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Әріптесіміз Малика Махамбеткәрімқызының «Құдайды іздеу» кітабын да оқи отырып осындай ой түйесің.

Kitap

 

– Маликаның бұл еңбегінде өз өмірінің күнгейі мен көлеңкелі тұстары барынша шындықпен әдіптеледі. Бейне бір автормен әңгімелесіп отырғандай күй кешесіз. Қиналған, қателескен, өмірдің бұралаң жолдарында кездескен үлкенді-кішілі детальдарды қалам құдіретіне айналдыра білуі – оның болашаққа деген сенімінің алғашқы қадамдары деуге де болады, – дейді кітапқа алғы сөз жазған белгілі ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызы.
Оңтүстіктің қайсар қызы, 1999 жылдан бері журналистика саласында жүрген Малика бірнеше мемлекеттік алғыс хаттардың иесі. Төрт немерелі бақытты әже.
–Көңіл аспаны кірлемегендердің шығар биігі – шың» деген бар. Дүние дидарының 53-ші жылын кітап жазып, қарсы алдық. Мен ешкімге ақыл айтпайтын адаммын. Ондай ағыл-тегіл ақыл менде қайдан болсын, құдай-ау?! Дегенмен... Сіздерге ақыл емес, ойлансын, ӨМІР деп аталатын осынау ұланғайыр ұзын да қысқа жолда нәзіктігіме қарамай өмірдің қиындықтарына төтеп берген өз өмірбаянымнан өрілген қолжазбамды ұсындым, – дейді автор.
Әр адам жүрегінің түкпірінде құдайды іздеп жүретіні кәміл. Тылсымнан арқа сүйер бір демеу күтіп, күш алатыны да рас. Осы бір тақырыпты қозғаған автор өмірден түңілмеуге, қанша құласаң да, қайта тұруға үндейді.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.