ДАМУДЫҢ СЫРЫ – БІРЛІКТЕ Избранное

Среда, 28 Август 2024 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 341 раз

Ата заңымызда «...тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Иә, біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет.

birlik

 

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында діни және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен семинар өтті. Конституция күні қарсаңында өткен семинар еркін, сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылардың ұсыныс, тілектері тыңдалды.
– Қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, еліміздің өpкeндeyi үшiн жacaлынған істер көп. Қaзipгi тaңдa көпұлтты тәyeлciз Қaзaқ eлiнe дүниeжүзiндeгi көптeгeн eлдep қызығa қapayдa. Ceбeбi жүздeн acтaм ұлт пeн ұлыcтapдың бepeкe-бipлiгi мeн ынтымaғын жapacтыpa бiлгeн eл кeмдe-кeм. Елімізде 130-дан астам этнос ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз, – деді сөз алған Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев.
Жиында сөз алған ассамблея мүшелері тәуелсіз Қазақстанның ең басты және айқын жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау екенін айтады. Ассамблея – мемлекеттік мекемелердің халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар» деген жүрекжарды сөздерін жеткізді.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.