АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2024 06:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 108 раз

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Кеңес төрағасы Мелес Сейтжановтың төрағалылығымен өткен жиынға кеңес мүшелері, Шымкент қаласының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, қала әкімдігі басқармаларының, «Оңтүстік» АЭА басшылары қатысты.

ekonom

 

Кеңес төрағасы Мелес Сейтжанов қала әкімдігі тарапынан өңірге инвесторларды жұмылдыру бойынша барлық шаралар қабылданып жатқанын, жаңа индустриялық аймақтар құрылып, қаланың сәулеттік тартымдылығын жақсарту бойынша, оның ішінде туризмнің дамуы үшін де тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Соның дәлелі ретінде Шымкентте алғаш рет әйгілі Coca-Cola зауыты ашылғанын айтуға болады. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететін халықаралық деңгейдегі басқа да компаниялар ашылуда.
Жиында Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Майя Исаева Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін ерекшеліктерге ие екеніне тоқталып өтті.
– 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді. Қазіргі таңда бұл – отандық АЭА-ны дамыту жөніндегі басты стратегиялық құжат, ол барлық мүдделі тараптың жұмысын экономикалық аймақтардың жұмысын жүйелеуге және шоғырландыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА еліміздегі табысты арнайы экономикалық аймақтардың бірі саналады. Аймақтағы инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге, өндіріс көлемі – 156,4 миллиард теңге. Бюджеттің 1 теңгесіне 7,4 теңге инвестиция құйылған. Оған қоса АЭА қатысушылары салық кодексіне сәйкес салық преференцияларын қолданады», – дейді Майя Исаева.
Кеңес отырысында Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев «Оңтүстік» АЭА-на қатысушылардың жер учаскелерін алудағы проблемалары туралы баяндама жасады. Ал, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ғанибет Аубакиров бұл жерде кәсіпкерлерге бөлінетін жер учаскелерінің құжаттарын рәсімдеу барысындағы мерзімдердің созылып кететініне тоқталды.
Кеңес мүшелері мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін құжаттарын рәсімдеудің нақты әрі түсінікті алгоритмін құрып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, қолдауға барынша жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.