Шымкентке белгілі ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов келді. «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде әдебиет классигі журналистермен кездесті. Жылы жүздесу емен-жарқын әңгімемен өрбіді. Саясаткер мемлекетіміз қол жеткізген жетістіктер мен бағындырған белестерді мақтанышпен баяндады. Сондай-ақ, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы мен ЮНЕСКО ұйымының жұмысы жөнінде әңгімелеп, кейінгі жылдары атқарған істері мен алдағы жоспарларына тоқталды. Соңғы уақытта қазақтың көне сөздерін зерттеп жүрген саясаткер зерделі ой теріп жүр. Кездесуде қайраткер ақын журналистермен естелікке суретке түсіп, қолтаңбасын қалдырды. Біз кездесудегі сұрақ-жауаптарды іріктеп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

DSC 0604– Олжас Омарұлы, қалаға соңғы келген кезден бері қандай өзгерістерді байқадыңыз?

– Мен Оңтүстіктей киелі мекенді есімнен шығарған емеспін. Сіздермен жүзбе-жүз дидарласып отырғаныма қуаныштымын. Бұл жолы да керемет әсер алдым. Шымкент келген сайын мені қуантады. Бұл – табиғаты ғана жылы аймақ емес, рухани жағынан өзіне тартып тұрады. Қала оң сипатта өзгеру үстінде, оны басқа өңірден келгендер бірден байқары сөзсіз. Осы жолғы сапарымда «ХимФарм» кәсіпорнында болдым. Шымкентте фармацевтикалық зауыт, менің білуімше, бұрыннан бар. Ондағы жұмысшылар мен инженерлердің қаншалықты кәсіби мамандар екеніне көзім жетті. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – бүгінде Қазақстан жұртын толғандырып отырған проблема. Сіздер сол тығырықтан шығатын жол тауыпсыздар. Фармацевтикалық кластердің, үлкен бір зауыттар кешенінің жұмысын бастауы – сөзімнің дәлелі. Өңірден ірге тасы нық қаланған дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпорынның болғанына қуаныштымын.

– Құпия болмаса, облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесуде нені талқыладыңыздар?

– Біз екеуміз көптен таныспыз, әріптес те болдық десем, қателеспеймін. Өйткені ол кезінде дипломат, елші болды. Бейбіт Бәкірұлы Оңтүстік
Қазақстан облысының әкімі боп тағайындалғанда қуандым. Қазір ол өңірдің тыныс-тіршілігін әбден танып біліп алды. Бейбіт Атамқұлов – жігерлі, сенімді және білімді азамат. Оның бұл жауапты қызметтегі алдағы жетістіктері облыс қана емес, республика жұртының сенімін ақтайтынына сенімдімін.

DSC 0615– Олжас Омарұлы, сіз көптеген жылдар бойы ЮНЕСКО-да абыройлы еңбек еттіңіз. Біздің ғасырдың алғашқы жылдарында бастаған жұмысыңызды жалғастырып жатырсыз ба?

– Иә, жалғастырып жатқан жайым бар. Өзіңіз білесіз, өйткені әдебиетте тоқтау, тоқырау деген болмайды. ЮНЕСКО-да бастаған шаруаларымыздың бірі – «Тарихқа дейінгі және тарихтан бұрынғы халықтардың ұлы қоныс аударуы» атты жаһандық жоба. Тарихқа дейін дегеніміз – біздің эрамызға дейінгі төртінші мыңжылдық. Адамзат тарихы жазба тарихымен тығыз байланысты екені дәлелденген. Әрине, адамзат оған дейін де өмір сүрген. Бірақ біз ол кезде не болғанын білмейміз. Алайда, жазба тарихынан бұрын пайда болған ауызекі сөз адамзат баласының тамырын бірнеше ондаған мың жылдарға, яғни полеолит және тас дәуіріне апарады. Ғалымдар бүгінде сөздер этимологиясына үңілуге кірісті. Себебі тарихтың қайнар бұлағы – дәл осы ауызекі сөз бізге көптеген мән-жайды ашып бере алады. Қазақ, герман немесе кез келген ежелгі сөз археологиялық артефактілер мен жазу белгілерінің қай-қайсысын да басып озады. ЮНЕСКО қазір осы жағына мән беріп отыр және бұған дейін біршама шаруа атқарылды. Біз бес рет конференция өткіздік: 2008 жылы Парижде – «Адамның Африкадан пайда болуы», 2011 жылы Нью-Йоркте – «Американың қоныстануы», 2012 жылы Сеулде – «Оңтүстік-шығыс Азияның қоныстануы», 2014 жылы Испанияда – «Еуропаның қоныстануы» деген тақырыптарда. Өткен жылы желтоқсан айында Иерусалимде «Ежелгі алдыңғы Азияның қоныстануы» атты конференция ұйымдастырылды. Биыл қыркүйекте осы басқосудың екінші бөлігі «Шағын Азияның қоныстануы» деген тақырыппен өтеді деп күтілуде. Игі шаралар мұнымен толастамақ емес. Әйтеуір, бір күні «Ұлы қоныс аударулар» атласы пайда болады. Сол кезде бәріміз ата-бабаларымыздың бүгінде бір-бір мемлекетке айналған жерлерге қашан қоныстанғанын, жер шарында қаншалықты ұзақ саяхаттағанын анық білетін боламыз.
Таңқалдырарлық тарихи параллель дүниелер жетерлік. Мысалы, Қорқыт ата туралы мәліметтерді ежелгі мысырлық жазба деректерінен кездестіреміз. Қорқыт ежелгі Египетте батып бара жатқан күн Құдайы ретінде сипатталады. Ал ол – бізде түрік, әзірбайжан, түркімен және тағы басқа бауырлас халықтардағы сияқты ойшыл қарт. Бұл есім, сөйтсек, бес мың жыл бұрын да аталған екен. Ежелгі жазбаларға сүйенсек, аңыз кейіпкерін жылан шаққан, ақыр соңында ол Ніл өзенінде қайтыс болған. Қызылордадағы Қорқыт ата туралы аңыздар да осыған ұқсайды. Ол Сырдария өзенінің ортасында қобыз тартып отырады екен, сондай бір кезде су жыланы шағып өлтірген.

– Сіздің шығармашылығыңызбен мектепте оқып жүргеннен, оның ішінде «Адамға табын, Жер, енді!» деген поэмаңыз арқылы таныспыз. «Байқоңыр» сөзінің сіз үшін қандай да бір сакралды мағынасы бар ма?

– Әрине. Бірақ поэма жазу кезінде ондай сезім болмады. Тарихи түрде бұл жер сонда өмір сүрген бір бай адамның есімімен аталған. Енді ол бүкіл әлемге белгілі аңыз есімге айналды. Ол, әлбетте, ғарышты бағындырған адамзаттың алғашқы ерлігімен тікелей байланысты. Мен поэманы бір аптада жазып бітірдім. Ол кезде небәрі 25 жаста едім. Бұл кеңес әдебиетінде ғарыш тақырыбында жазылған тұңғыш әрі жалғыз поэма болатын. Оны кейін білдік. Сөйтіп, мені Гагариннің ерлігін басқа мемлекеттерге паш ету мақсатында әлемнің әр түкпіріне жіберді. Поэмамды мамыр айында Колумбия университетінде, маусым айында Сорбонн университетінде оқыдым. Менің шағармашылық биографиямдағы ғарыштық көтерілулер, міне, осындай.

– Соңғы уақытта әлемде болған оқиғаларға байланысты көзқарасыңызды қысқаша білдірсеңіз. Мұның түйіні бар ма? Мемлекеттердің қарама-қайшылықтары түйінін тауып, тығырықтан шығуы мүмкін бе?

– Әрине, осы күні болып жатқан жағдайлар ең маңыздысы да емес қой, ол – адамзат тарихындағы эпизодтардың бірі ғана. Адамзат өзінің тарихында мұндай жағдайлардың мыңдаған, тіпті, миллиондаған түрін өткізген. Қазір ғана бізге ол апокалипсис сияқты көрінеді. Шын мәнінде ол талай мәрте қайталанған. Ал бөліну дәуірі басталды десек, оның жөні басқа. Адамзат баласы тағы жікке жарылуда. Жалғыз Шығыс не Батыс болып емес, ішкі қарама-қайшылықтар да қызу жүріп жатыр. Алып Батыс пен Шығыстың арасында антагонизм үдеп барады. Бірақ ол анау айтқандай шегіне жетпейтін болар. Әлемнің күйреуіне алып келетін шиеленістерге әкеп соқпайды деген сенімдемін. Оның үстіне, қазіргі күні дүниежүзіндегі жағдай күрделі.
Осының бәрін бақылай отырып, бізге елді араздастырып қоймау маңызды. Біз бәріміз қазақстандық екенімізді түсінуіміз керек. Біздің басты құндылығымыз – осы. Бірлікті нығайту – Президент айтқан «Мәңгілік Ел» идеясының айналасына топтасу бағытындағы қажетті қадам. Мұның жай ғана саяси метафора болып қалмай, іс жүзінде көрініс табуы өзімізге байланысты. Кейбір қызба патриоттар: «Біз бәрінен тәуелсіз болуымыз керек!» дейді. Бірақ, бізді бір-бірімізден бөліп-жару мүмкін емес. Бірде-бір ұлт толығымен тәуелсіз бола алмайды – айналамызда көршілер, әр түкпірде біздің туыстарымыз бен жақындарымыз. Егер осыны түсінсек, онда ең көпұлтты мемлекет бөлініп кетпейтініне, қайта іргесі берік күйінде сақталатынына сенуге болады. Және бірінші кезекте бұл мемлекеттің мықты «беломыртқасына» – орталық билікке тікелей қатысты. Біз бәріміз әлемде болып жатқан оқиғаларға қауіптене қараймыз. Әрқайсымыз жиырма бес жылда иеленген Тәуелсіздігімізді жоғалтып алмауға жауапты екенімізді сезінуге тиіспіз. Қуатты мемлекет құру мүмкіндігі бір-ақ рет беріледі, мүмкін жүз емес, мың жылда бір-ақ рет. Және біз осы мүмкіндікті барынша пайдалануымыз керек.

– Әңгімеңізге рахмет!

«Ақындар шықты айтысқа...»

Пятница, 25 Март 2016 05:13

Бас жүлде – Қажымұқан Абзаловқа бұйырды

Биыл дәстүрлі республикалық «Наурыз» айтысы Шымкенттегі Түркістан сарайында өтті. 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жыр додасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына, ақын, жыршы Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының 200, халық ақыны Қазанқап Байболұлының 125 жылдығына арналды.

10940538 1674016606200719 5981226709600890445 nРеспубликалық аламан айтысқа есімі елге белгілі жыр жампоздары қатысты. Аламан айтысты ұлттық өнеріміздің жанашыры, ақын Жүрсін Ерман жүргізді. Ұлттық өнерімізді ұлықтаған шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков елдегі бірлікті нығайтып, рухымызды көтеретін бірден-бір өнер айтыс екенін айтып, Шымкентке келген сөз зергерлеріне сәттілік тіледі.
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен ақындар айтысында 8 жұпқа бөлінген жыр дүлділдері жұртшылықты рухани нәрмен сусындатты. Алғашқы болып сахна төріне шыққан Оңтүстіктің мақтанышы Біржан Байтуов пен Павлодар облысынан келген бүгінгі қазақ айтысының жарық жұлдызы Аспанбек Шұғатаев сөз жарыстырды. Жерлесіміз өз кезегінде қарсыласын әзілмен қағытып, ұтымды ойымен жұрттың ықыласына бөленді. Бірақ Аспанбек те бабында екенін көрсетті. Ол Біржанның қалжыңына жүйелі де өткір сөзімен жауап қатып, шеберлігін көрсетті. Оңтүстікқазақстандық Жарқынбек Наушабеков
пен астаналық Еркебұлан Қайназаровтың нағыз аға мен іні арасындағы айтысы жыр додасының көркін қыздыра түсті. Бір-бірінен кем түспеген ақындарға қазылар алқасы бірдей ұпай берді. Ал кейінгі жұпта Кәрима Ораловамен сөз сайысына шыққан Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің шәкірті Әнапия Нұрғали ұтымды жауабымен көрерменді сүйсіндірді.
Сондай-ақ ең қызық айтыс Нұрлан Есенқұлов пен Мөлдір Айтбайдың кездесуінде болды. Мөлдірдің жар таңдауын әзіліне арқау еткен Нұрлан өлеңмен Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың да қадір-қасиетін ұқтырып өтті. Айтыстың соңғы жұбы шымкенттік Қажымұқан Абзалов пен Қостанай облысынан келген Айбек Қалиев те жиналған қауымға рухани азық сыйлады. Ал қара қылды қақ жарған қазылар алқасына мықтыны анықтау қиынға соқты. Аламан айтыстың жүлде қоры да қомақты болды. Мәделіқожа мен Қазанғап кіндігінен тараған ұрпақ арнайы жүлдеден бөлек, қосымша сый-сияпаттарды әзірлеп келіпті.

10418208 1674016696200710 3625937039168430633 n

– Айтыс әділ өтті деп айта аламын. Әрине, бағалау жағына келетін болсақ, барлық айтыскерлер жақсы өнер көрсетті. Дегенмен, «жеңіс бар жерде – жеңіліс те бар» екені белгілі. Қызылорда облысынан келген Мөлдір Айтбайдың сөз саптауына тәнті болдым. Нұрлан Есенқұловпен айтысқа түскен ол, ойын бүкпесіз айтып отырды. Ең бастысы, қазақы ибадан аспай, керек кезінде ұтқыр жауап қайтарды. Олардың қыз бен жігіт айтысы сәтті шықты, – деді қазылар алқасының төрайымы Әселхан Қалыбекова.
Сонымен «Наурыз» жыр айтысының бас жүлдесін (1 миллион теңге) жерлесіміз Қажымұқан Абзалов жеңіп алды. Бірінші орынды (700 мың теңге) павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев иемденді. Екінші орынды (430 мың теңге) Оңтүстіктің адуынды ақындары Нұрлан Есенқұлов пен Біржан Байтуов және астаналық Еркебұлан Қайназаров еншіледі. Үшінші орынға (300 мың теңге) жерлесіміз Анар Жаппарқұлова, Қызылорданың ақыны Мөлдір Айтбай, қостанайлық Айбек Қалиев лайық деп табылды. Ал Қалижан Білдәшев, Бауыржан Шаймерденов, Кәрима Оралова, Нұрғали Әнапия, Дәурен Ақсақалов, Мұхтар Ниязов, Мақсат Аханов, Жарқынбек Наушабекке қатысқаны үшін ынталандыру (200 мың теңге) сыйлығы табысталды.
Игі дәстүрге айналған тарихи тұлғаларды ұлықтайтын, дәстүрді дәріптейтін «Наурыз-айтыс» келер жылы да жалғасын таппақ.

Балабақша атауы – «Айналайын»

Пятница, 25 Март 2016 04:24

Шымкентте 150 орынға арналған жаңа нысан ашылды

HPIM7935Наурыз мерекесі қарсаңында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында Еңбекші ауданы, «Ұлағат» шағынауданында «Айналайын» балабақшасы пайдалануға берілді. 150 орынға арналған бөбекжайдың ашылу рәсіміне аудан әкімі Ғалымжан Ильясов, сондай-ақ ата-аналар және жергілікті тұрғындар қатысты.


Жаңа балабақшаның жұмысымен танысқан Ғ. Ильясов ғимаратты аралап көрді. Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Әр топқа арналған ойын алаңшалары, қысқы-жазғы шомылу бассейндері бар. Жас өрендердің тәрбие алуына қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, балғындарға жылы лебізін білдірді.
– Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 3-6 жас аралығында бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл өзекті мәселе біздің өңірімізде мерзімінен бұрын шешілуде, – деді аудан әкімі Ғалымжан Ильясов.
Екіқабатты бөбекжайға 158 млн теңге бөлінген. Жаңа балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталып, өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр. Бүгінде аудан бойынша 41 жекеменшік, 25 мемлекеттік балабақша бар.

Оңтүстік Циркте «Наурыз –думан» шоу-концерті өтті. Өнер ұжымымен бірге облыстық қуыршақ театры және Ы. Алтынсарин атындағы кітапхананың қызметкерлері балаларға жаңа қойылымдар ұсынды. Тың жоба жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға үндейді, ал ертегілер мен ғажайыптар әлемі Наурыз мерекесін насихаттайды.

zhyl vasyШоу-концерт балаларды таң-тамаша қалдырды. Қос шығармашылық топтың бірлескен жаңа қойылымдары кішкентай бүлдіршіндерді қуанышқа кенелтті. Қолға үйретілген аңдар, көңілді сайқымазақтар мен акробаттар концерттің ажарын аша түсті. Әсіресе «Он екі жылдың таласы» атты жаңа қойылым бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады.
– Біз театрда көрермен алдында ғана ойнасақ, цирк аренасында сахна ортақ. Көрермен жан-жақтан тамашалап отырады. Сондықтан біз рөлге енуге тырыстық. Дегенмен сәл қиындау болғанын жасырмаймын. Жыл иесі мешіннің еңбекқорлығы мен болмысын көрерменге жеткіздім деп ойлаймын, – дейді облыстық қуыршақ театрының әртісі Ақберді Мұсақұлов.
Өнер ұжымдары «Наурыз-думан» жобасын кішкентай көрермендеріне ұсыну үшін 1,5 ай бойы дайындалған. Ал облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері жас оқырмандарға көрме ұйымдастырып, кітап оқуға шақырды.

Төл мерекенi қалай тойлаймыз?

Пятница, 18 Март 2016 05:51

nauryz-2016-2

Күн мен Түннiң теңесiп, Жаңа күннiң келер басы – Наурыз мейрамына санаулы күндер қалды. Жаңару мен жасарудың басы саналатын Жылбасы Оңтүстікте қалай тойланады? Мәдени шаралармен шектеліп жүрген жоқпыз ба? Ұлттық мерекені қалай атап өткен жөн? Осы сауалдарға жауап іздеген едік.

bzhanadilБолат ЖАНӘБІЛ, 
облыстық жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

Көшет егудi дәстүрге айналдырайық!

– Наурыз Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Өңірімізде ұлттық мереке жоғары деңгейде өткізілуде. Ертеде жыл басы Наурыз мейрамын ел болып тойлаған. Әсіресе, жастар жағы белсенділік танытып, Ұйқыашар түнін өткізіп, таң шапағатын бірге қарсы алатын болған. Күндізгі уақытта қөгалдандыру жұмыстарымен айналысып, ағаш отырғызып, көшет еккен. Қызықты думан әрі қарай ұлттық ойындармен, ақындар айтысымен өрбіген. Сондықтан Наурыз мерекесін ағаш отырғызудан бастап, халықтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру керек. Әр жанұя көшет отырғызуды отбасылық дәстүрге айналдыруы тиіс деп санаймын. Наурыз мерекесiнде ағаш отырғызумен қатар, көшелердi, үйлердiң айналасын тазалауды да қолға алу қажет. Наурыз сайын шағынаудандар мен көшелер арасында тазалық шаралары өткiзiлсе, үйлер үлгiлi ұсталар едi, көше, аулалар таза болар едi. Ал тазалық – денсаулық кепiлi екенi айтпаса да белгiлi.

 


urailkhanҮрәйлхан СЕЙІЛБЕКОВА,
опера және балет театрының әртісі:

Ұлттық құндылықтар дәріптелуі тиіс

– Жыл басы Наурыз мерекесі жер ананың жаңарып, адамзатқа шуақ сыйлайтын кезі. Әдетте отбасымызбен төл мейрамға алдын ала дайындаламын. Ұлттық тағамдар Наурыз көже, бауырсақ пісіремін. Туған-туыс, көршілеріммен амандасып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Дегенмен мейрамда концерт қойып, киіз үй тігумен шектелмеуіміз керек. Ұлттық мерекені салт-санамен, ұлттық дәстүрмен айшықтаудың жолы бар. Неге ұлттық әндер байқауын өткізбеске? Қазір қобыз үні құмығып естіле бастады. Қобыз фествалін өткізсек, ұлттық аспапқа құрмет артар еді. Қымыз, шұбат жасаушыларды таныстырсақ, оның қасиетін насихаттасақ, бұл бастамаларды көпшілік те қолдайды деп ойлаймын.

 

Мерекенің маңызы болу керек

daurenДәурен АЙМАНБЕТОВ,
ақын:

– Бұл мерекенiң өзiндiк орны бар. Табиғат өзгерiп жатқан уақытта келетiн жақсы дәстүр деп айтуымызға болады. Бүгінде қазақ екенімізді көрсетіп, киiз үйдi тігіп, ұлттық киім киіп жүрміз. Бiз осымен ғана шектелетiн болсақ, Наурыздың  мағынасын аша алмайтын сияқтымыз. Осы орайда жылды қорытындылауды Наурыздан бастаған жөн. Жылдың үздiк адамын таңдап, жылдың таңдаулы шығармаларын Ұлыстың күні анықтасақ, нұр үстіне нұр болар еді. Наурыз дегенiмiздiң өзi Достықтың, Ырыстың, Береке мен Бiрлiктiң мерекесi емес пе?!   Осы үрдіс осы наурыз айында жүзеге асса, мерекенiң маңызы артар едi.

Оңтүстiктiң iнжу-маржаны

Пятница, 18 Март 2016 05:33

Тегінде салт-дәстүрсіз ұлт жоқ. Қазақ халқының ата дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, қанмен бірге біте қайнасып келеді. Ғасырлар бойы ұлттық құндылықтарымыз арқылы халқымыздың бет-бейнесі, таным-түсінігі көз қарашығындай сақталды. Ата-бабамыз «тал бесіктен жер бесікке дейін» әрбір атаулы күнді тіршілігінен тыс қалдырмаған. Ат беріп, айдар таққан. Игі дәстүрімізді «дәулет» деп бағалаған. Соның айғағындай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы республикамыздағы алғаш рет ашылған бірегей нысанның бірі. Орталық Елбасының Оңтүстікке іс-сапары кезінде ашылған болатын.

12772040 575174979301485 744328942900533693 oӘдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының өз ерекшелігі бар. Көз үйренген этнографиялық заттар мұражайдағыдай қойылмаған. Мұнда келушілер рухани-мәдени құндылықтармен танысып, ата дәстүрімізді тамашалай алады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылады. Ғасырдан ғасырға жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталады. Тұңғыш рет ашылып отырған мекеме жастар мен жасөспірімдерге ұлтымыздың ұлағатты ісін, тәлім-тәрбиесін бойға дарытуда. Әсіресе кіреберістен жеті қазынамызға арналған мүсіндер келушілерді ойға жетелейді. Ер жігіттің жүйрік аты, қыран бүркіті, құмай тазысы мен берен мылтығы, қанды ауыз қақпаны ежелден сақталған. Қазынамыз атадан балаға мұра ретінде қалдырылған. Ал кисең киім, жесең ас, мінсең көлік болатын төрт түлік мал өміріміздің тыныс тіршілігі. Осыдан-ақ халқымыздың табиғаты мен жаратылысын танып түсінуге болады.

Сондай-ақ, орталықта «Достық» залы бар. Еліміздегі татулықтың темірқазығы іспеттес, Елбасының тікелей бастамасымен құрылған өңіріміздегі 20 этномәдени орталыққа айрықша көңіл бөлінген. Мұнда этностардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен сыр шертетін экспонаттар қойылған. Сонымен қатар, қазақтың рухани құндылықтарын насихаттайтын этнограф, қаламгерлердің еңбектері ұсынылған. Әсіресе, «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Ұлы Дала өсиеті» даналық сөздер антологиясының берері мол.

 DSC 1824 DSC 1831 

– Парасат пен пайым байыпты болғанда ғана салт-дәстүр, әдет-ғұрып өміршең бола алады. Оны қазіргі тұрмыста қолданыста жүрген салт-дәстүрлерден анық көре аламыз. Алайда кейбір кәделеріміз бен жөн-жоралғыларымыздың ұмытылып бара жатқаны рас. Бұл ретте барды құнттап, жоғалғанды түгендеудің жөні бөлек. Сондықтан бұл жинақтың мәні зор. Себебі, көнекөз қариялар азайып, ертегі мен аңыз айтатын ата-әжелердің қатары сиреді. Осы тұрғыдан жинақты игі жұмыс деуге болады, – дейді экскурсия жүргізушісі Жанат Айқынова.

Ашылғанына бір жыл уақыт болса да, орталық түрлі жобалар шеңберінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Бүгінде мектептер, жастар саясаты, тілдерді дамыту мекемелерімен келісім-шарт түзілген. Рухани-мәдени бағыттағы 70 іс-шара өткізіліпті.

Екінші зал «Ұлттық салт-дәстүр» деп аталады. Иә, әрбір қазақ отбасы дүниеге келгеннен бастап, қарттық жасқа дейінгі аралықта көптеген салт-дәстүрлерді орындайды. Бұлардың бәрінде де жақсы тілек, ақ ниет ерекше орын алады. Ұзату, өмірге сәбидің келуі, кіндігін кесу, азан шақырып ат қою, бесікке салу, тұсауын кесу, ашамайға мінгізу, сүндетке отырғызу, қарттық жасқа дейін рәсімдердің барлығы қамтылған.

– Бала апыл-тапыл баса бастағанда жасалатын «Тұсау кесер рәсімі». Бұл – баланың алғаш өмірге қадам жасауына арналған ата-ананың қуанышты тойы. Ал тұсауды ел-жұртқа сыйлы анаға кестірген. Біреудің ала жібін аттамасын, ұрлық жасамасын, алаяқтықтан аулақ жүрсін деген ұғымда қаншалықты мән-мағына жатыр. «Баланы – жастан» дейтін қазақ бала тәрбиесіне үлкен мән береді. Бес жасында сүндетке отырғызып, азамат болды деп ашамай ерге мінгізеді. «Он үште отау иесі» деп, болашақ отағасы болуға ой-санасын қалыптастырады. Тіпті жыраулар философиясында да: «Болар елдің баласы он үшінде баспын дер, тозар елдің баласы отызында жаспын дер», деп ескертеді, – дейді мекеме қызметкері Ж. Айқынова.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде салт-дәстүріміз бен әдет ғұрпымызды ұмытпай, жас ұрпаққа үйрету, оларды ұлттық құндылықтарымызбен тәрбиелеу парыз. Жастарды ұлтжанды етіп тәрбиелеу мақсатында орталықта сан алуан жұмыстар атқарылуда. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасымен бірлескен жоба «Сарқылмас қазына» өз жемісін бере бастағандай. Ата-бабамыздың қанына сіңген асыл қасиетті орталық қайта жаңғыртып жатыр. Жоғарыда аталған «Бесік той», «Тұсаукесер», т.б. игі құндылықтармыз бүгінгі заманға сай қайта түрленіп, ортамызға қайта оралды. Зерттелген әдет-ғұрыптар кітап болып жазылып, арнайы таспаға түсірілуде.

Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында ақын-жазушылар бас қосып, жетістіктер мен алдағы жоспарды талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Журналистер одағының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, ақын Жанарбек Әшімжан арнайы қатысты.

qazghurt zhurnalyБасқосуда Қазақстан жазушылар одағының ОҚОФ-ның директоры Бақытжан Алдияр атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Филиалдың бастамасымен «Қазыналы Оңтүстік» көптомдық кітабы жарық көрсе, «Ізгілік сыр-сұхбат» отауы қаламгерлер мен оқырмандардың арасында алтын көпірге айналды. Сонымен қатар, қолына қалам ұстаған қауымның бүгінге дейін жетістіктері мен алдағы жоспарлары бекітілді. Ақындар мен прозашылардың шығармалары сараланды. Ғалым Жайлыбай қаламгерлерді жазар дүниені молайтуға шақырды. Ал Қарлығаш Сапарбаева
жас ақындардан жаңа жыр күтетінін айтты. Кеш барысында ақындар жырдан шашу шашып, өлеңнен өрнек өрді. Қаламгерлер бас қосқан жиында «Қазығұрт KZ» журналының тұсауы кесілді. Әдеби журналдың алғашқы саны қаламгерлер мен оқырмандарға сыйға тартылды. Айта кетейік, бүгінде өңірімізде Қазақстан жазушылар одағының 62 мүшесі бар.

Көктем жылы бола ма?

Среда, 16 Март 2016 05:24

IMG 2689Биыл мешін жылының ауа райы өзгеше болды. Қыс мезгiлi қатаңдық танытпады. Шымкентте желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары салыстырмалы түрде жайлы өттi. Керісінше, көктем ерте бой көрсетті. Бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүршік жарды. Ал өткен жылы наурыз айында күн суытып, қар жауғаны белгілі. Көктем мезгілі қандай болмақ? Синоптиктер не дейді?


«Қазгидромет» ОҚО бойынша РМК-ның мәліметінше, Оңтүстікте наурыз айы құбылмалы болады деп күтілуде. Бұлт шығып, соңы жаңбырға ұласуы ықтимал.
Наурыз айының 17-18-i күндерi аралығында күн суытып, жауын-шашынды болады. Термометр бағамы 10-15 градус жылылықты көрсетеді. Таулы аудандарда қар жауып, 0 градусқа төмендейді. 22 наурыздан кейін ауа райы қайта жылиды. Айдың үшінші онкүндігінде шымкенттіктер көктемге тән жаймашуақты сезіне алады. Бұл уақытта Оңтүстікте ауа райы +12, +17 аралығында болмақ. Метоқызметтің мәлімдеуінше, сәуірде де өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Жалпы көктем жылы, жауын-шашын қалыпты болмақ.

Страница 35 из 47