Италиялық өнерпаздар – Шымкентте

Среда, 03 Февраль 2016 08:10 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4059 раз

Шымкентке Италияның әйгілі сырнайшысы Мауро Маур мен пианиношы Франсуаза де Клоссе келді. Мәдени шара облыстық опера және балет театрында «Италия киносының ұлы музыкасы» деген тақырыпта өтті. Концерт Қазақстандағы Италия күндеріне арналды.

operaaaӨнер кешінде көрермендерге Эннио Морриконе, Пьеро Пиччони, Риц Ортолани және Нино Ротаның италиялық фильмдерге арнап жазылған әуендері ұсынылды. Жалпы, 11 шығарма орындалып, оның сегізі шымкенттік симфониялық оркестрмен сүйемелденсе, ал үшеуі хормен орындалды. Осылайша, жергілікті өнерпаздар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін арттырды. Облыстық опера және балет театрының директоры Жәнібек Тағаевтың айтуынша, екі сағатқа созылған концертте шымкенттіктер зор рухани ләззат алды.
Айта кетейік, Мауро Маур Париж бен Чикагода оқыған. Бірқатар айтулы конкурстардың лауреаты. Римдегі Санта-Чечилия музыка академиясында дәріс береді. Бұған дейін Бразилия, Мысыр, Замбия, Канада, Нигерия, АҚШ, Чили, Эфиопия және Оңтүстік Африкадағы жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеген.

Эльмира АЙНАБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.