Шомылуға да машық керек

Пятница, 24 Май 2024 09:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 273 раз

shomuluga-da-mashyk

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзов шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Басқарма бастығы атқарылған жұмыстар, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін түсіндіріп, алдағы іс-шараларды баяндады.

Жыл басынан бері қаладағы су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Қалада су жағасында демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген.

– Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 224 рет рейд жүргізілді (7582 адам қамтылды). 2024 жылғы шомылу маусымы кезінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаулысы негізінде жоспар бекітілді. Қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 орын бар. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, шомылу маусымы басталғанда тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жолданады, – дейді Нұржан Нұрханұлы.

2024 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен рейд жүргізіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту, балаларды жүзуге үйретуді пысықтау жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында департамент жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.