«Қазығұрт» фольклорлық ансамбліне – 25 жыл! Избранное

Пятница, 24 Декабрь 2021 04:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3417 раз

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ОҚМПУ 80 жылдығы және «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Жаңғырған Қазығұрт» атты салтанатты мерейтойлық концерті өтті.

823

 

— Университетіміз біліммен бірге тәрбие, қазақи өнерді дәріптеуде үлкен роль атқарады. Осыған орай ұлттық өнер нәрімен сусындаған талай шәкірт қарашаңырақты ұмытпай, концертті тамашалауға келіп отыр.
Қазақстанға белгілі әнші Алтынай Жорабаева, Түркияда магистрлық білім алып жатқан опера әншісі Ерлан Жандарбай да концерттің белді қонақтары. Бұдан бөлек кезінде ансамбль құрамында өнер көрсеткен, бүгінде әртүрлі салада еңбек етіп жүрген түлектерді де мерекелік іс-шараға арнайы шақырдық. «Қазығұрт» ансамблінің бүгінде құрамы жаңарған. Жас студенттермен толықты. Дегенмен, бұрынғы ардагер өнерпаздар да осы концертте ансамбльде өнер көрсетеді, - деді университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева.

821


Концерт барысында ансамбльдің негізін қалаушы ОҚМПУ музыка факультетінің аға оқытушысы Ұлбосын Тәжібаеваға «Университеттің құрметті профессоры» атағы берілді. Сонымен бірге өнер және басқа да салаларда тер төгіп жүрген өңірге, бүкіл елге белгілі университет түлектері ОҚМПУ медалімен және ректордың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, Тәуелсіздік алғанға дейін университетте 1984 жылы «Әлия» акопелласы құрылды. Көптеген студент сол ұжымда өнер көрсетті. Оның да негізін ұлағатты ұстаз Ұлбосын Тәжібаева қалаған. Ал бүгінгі жаңарған «Қазығұрт» фольклорлық ансамбліне Айман Қарсыбаева көркемдік жағынан жетекшілік етеді.