Жобалар қаржыландырыла бастайды

Пятница, 20 Февраль 2015 05:36 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3554 раз

Отандық компаниялардың өнімдеріне деген сұранысты арттыруды жəне жаңа жұмыс орындарын құруды жүзеге асыру үшін “Нұрлы жол” бағдарламасының аясында жоспарланған барлық жобаларды қаржыландыру ақпан айынан басталуы тиіс. Ал, наурыздың 10- ына дейін үкімет “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының жобасына өзгертулер енгізіп, Елбасына бекітуге кіргізеді.

140834 finҰлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, оған Елбасының ел экономикасының нашарлауын алдын алуға, оның ішінде проблемалы кредиттерді қаржыландыру қоры мен экономиканы ынталандырудың 2-траншына арналған 250 млрд. теңге қосылады. Сонымен қатар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен мемлекеттік кəсіпорындардың бюджеттік шығындарын оңтайландыру қарастырылған. Парламент Мəжілісіне “2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңының” жобасы ұсынылмақ. «Қазіргі уақытта экономикалық өсу мен сыртқы сауда көлемінің қысқаруына байланысты республикалық бюджет 10 пайызға оңтайландырылды. Республикалық бюджет бірінші орында əлеуметтік көмектерді толықтай орындауға, жұмыссыздық деңгейін өсірмеуге жəне экономикадағы кəсіпкерлік белсенділікті қолдауға бағытталып отыр», - деді министр кеше  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
 Сонымен қатар, Е.Досаев 2015 жылы жаңа дағдарысқа қарсы шараларға 101 млрд. теңге қайта бөлінетінін мәлім етті. Министрдің айтуынша, бөлінген қаржының 17,3 млрд. теңгесі үш ауысыммен білім беретін және апатты мектептерді жою үшін білім беру нысандарын салуға, 12,7 млрд. теңгесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бағытталатын болады. Сонымен қатар, келер жылға Ұлттық қордан шағын несие ұйымдарын қаржыландыруға, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, жол салуға қарастырылған 71 млрд. теңге ағымдағы жылға ауыстырылады. Аталған қаржының  20 млрд. теңгесі агроөнеркәсіп кешенін қолдауға, 10 млрд. теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы жобаларға инфрақұрылым жүргізуге, 5 млрд. теңгесі техникалық реттеуді дамыту арқылы ішкі нарықты қорғауға, 6 млрд. теңгесі геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға, 30 млрд. теңгесі тұрғын үй құрылысын арттыруға жұмсалады. Сондай-ақ, министрдің мәлімдеуінше, «Бәйтерек» АҚ-ның келер жылға қарастырылған кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға арналған Ұлттық қордан 100 млрд. теңге сомасындағы облигациялық займының 75 млрд. теңгесі де 2015 жылға ауыстырылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.