3200-ге жуық жоба жүзеге асады

Пятница, 29 Январь 2016 05:05 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5211 раз

Облыстың өз бастамасымен құрылған «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы 2016 жылы жалпы құны 11 миллиард теңге болатын 3200-ге жуық жобаны қаржыландырмақ. Бұл туралы аталған орталықтың басқарма төрағасы Ерлан Ешназаров мәлімдеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы орталық арқылы өңірде құны 8,9 млрд теңге болатын 2245 жобаға қаражат бөлінген болатын. Былтыр инвесторлықтың ауыл шаруашылығына бағытталған жобасы есебінен 4,3 мың тонна ет пен 2 мың тоннадан астам сүт өндірілген. Орталық мамандарының мәлімдеуінше, биыл бұл көрсеткішті одан да жоғарылату көзделіп отыр. Негізінен орталықтың қаржысы ауылдық жердегі отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталмақ. Сонымен қатар бөлінген қаржы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларына да жұм­салады. 

Облыста 2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бар. Осы бағдарлама жүзеге асқалы бері 11 мың адам жұмыс тапқан. Айта кетерлігі, бұл бағдарламаны қаржыландырып отырған аймақтық инвестициялық орталық пайызы төмен несие береді. Орталықтың басқарма төрағасы Ерлан Ешназаровтың айтуынша, ол несиені алу үшін үлкен кепілдің керегі жоқ. Мал бордақылау алаңын немесе тұрып жатқан үйін және жерін компанияға кепілге қоюына болады.

Жалпы, «Максимум» АИО алдағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 5 млрд теңге бөлуді жоспарлауда. Сонымен қатар, 2015-2017 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытуға 200 млн теңге қаралып отыр. Нәтижесінде, 5 аудан мен Шымкент және Түркістан қалаларынан 3 балық шаруашылығын құру жоспар­ланған.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.