×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Ат-такфир уаль-хиджра» – мемлекеттер үшiн қауiптi

Пятница, 25 Декабрь 2015 08:04 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 5935 раз

«Джиһад», «хиджра», «кәпір», «жұмақ», «тозақ» сынды бірнеше ұғымды өз дәйектеріне негіз етіп алған «тәкфірлер» аталатын топтың шын мәніндегі көксегені не? Аталған топтың қызметі, сипаты, мемлекетке тигізер зияны қандай? Осы сауалдардың нақты жауабын білу үшін біз ОҚО Ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» КММ-нің қызметкері, дінтанушы Ұлықбек Әлиакбарұлымен сұхбаттасқан едік.

 Ұлықбек Алиакбарұлы, әлемдік аренада халықаралық экстремистік ұйым ретінде танылған «Ат-такфир уаль-хиджраның» негізгі ұстанымы қандай?

ulyqbek–  Баршамызға белгілі, 2014 жылдың тамызында біздің елімізде «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық экстремистік ұйымының қызметіне тыйым салуы туралы соттың шешімі шықты. Өйткені, бұл ұйым Қазақ-станда заңды тіркелмеген. Демек, олардың улы идеологиясы халық арасында насихатталуда. Сол себептен, «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану, осы ұйымның қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымының тарихы, пайда болуы, өзге елдердегі, біздің елдегі қызметі, бәрі жан-жақты зерттеліп, екшеленді. Мәселен, осы шешім шығардың алдында аталмыш ұйымның Түркия, Ресей, Өзбекстан елдеріндегі қызметіне тыйым салынғаны негізге алынды. Қарап отырсақ, «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы біздің елімізде ғана емес, әлемнің бірқатар елдерінде де көптеген лаңкестік әрекеттер жасаған.
Ондағы негізгі қатер – олар ұйымға мүше болмағандардың барлығын да кәпір деп негізсіз айыптайды. Сондай-ақ, жасаған құлшылық әрекеттердегі сәл өзгешелік олар үшін кәпірдің ісі. Ал адамзаттың асылы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде не деді? «Егер кімде-кім біреуді кәпір деп айыптайтын болса, бірақ ол адамның кәпір екеніне көзіңіз жетпесе, онда оның өзі кәпір болады» делінген. Осыдан шариғат амалдарына өз беттерінше пәтуа шығарғыштардың кітап оқымайтындары, білімдерінің таяздығы көрініп-ақ тұр.
Мысал үшін «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы өкілдерінің қолымен жасалған әрекеттерді бағамдар болсақ, исламға, шариғатқа мүлдем кереғар дүниелердің куәсі боламыз. Оның ішінде адам өлтіру мәселесі. Бұл ұйымның құрылған жері – Мысыр елі, құрушысы – Мұстафа Шүкри. Осы кісінің ұстанымдарын қараған кезімізде шынында да бұларда діннің көріністеріне мүлдем қайшы, қатыгездік, жауыздық, өшпенділік деген мәселелер өте көп кездеседі. Мысалы, осы ұйымға мүше болғандар кейінірек бөлініп кетуге ниет білдірсе, олар «біздің ұйымнан бөлініп кетудің үкімі – өлім жазасы» дейді. Ал біз Құран Кәрімнің аяттарын оқысақ не дейді? «Адамға жанды берген Алла Тағаланың өзі және оны алатын да Алла Тағаланың өзі» деп тайға таңба басқандай жазылған.

– «Ат-такфир уаль-хиджра» сынды халықаралық экстремистік ұйымдардың қызметіне лайықты баға беруде ел азаматтары қаншалықты сауатты?

– Өкінішке қарай, бүгінде Сириядағы осы оқиғаға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген азаматтар соғысқа аттанып жатыр. Бұлардың басты идеологиясы, Сирияның аумағында құрылған «Ирак Шам Ислам Мемлекеті» деген содырлар ұйымының астында соғысып жатыр. Осыған орай, «Әлем джиһадшылары» деген ұғым пайда болды. Осы «джиһадты» мақсат етіп, талайлардың тағдыры тезге түсуде. Ал енді қарасаңыз, дінде, шариғатта отбасы – өте қасиетті, киелі ұғым. Әрбір отбасын құратын ер азамат Алла Тағала алдында өздерінің заңды түрде, ресми түрде некелерін қидырып барып, қосылулары керек. Ал бұл жақта қарасаңыз, әйелдер зат сияқты. Айта отырайын, бұлардың әрекеттерін ғалым ретінде мен көп зерттедім. Ислам дінімен, шариғатпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бір ұйым болса, бұл – «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы деп мен толық сеніммен айта аламын.

Шын мәнінде, «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы – тұлға, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігіне төнген қатер. Біздің еліміздің Конституциясы өзінің 1 бабының 1 бөлімінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп ашық айтылған. Зайырлы Қазақстан ислам мен православиеге, сондай-ақ өзге де діни конфессияларға тең шамада толерантты қарайды, дінді еркін тұтынуға азаматтардың құқықтарына заңнамалық деңгейде кепілдік береді және оны шынайы түрде қамтамасыз етеді.
Конституция ережелерінің негізінде Конституцияда, адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілер мен Келісімдерде бекітілген ар-ұждан бостандығына азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетігі болып табылатын 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы әрекет етеді. Бұл Заң ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ