×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкент пен Барселона өзара әріптес Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:11 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4775 раз

Қараша айының 17-19 жұлдызы аралығында Барселона қаласында жыл сайын өтетін «Ақылды» қала Халықаралық конгресс-көрме ұйымдастырылды. Беделді, даму қарқыны жоғары қалалардың жаңа жобалары мен тәжірибесі көрсетілетін шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған делегация қатысты.


barcaДәстүрлі түрде өтетін «Ақылды» қала шарасына күллі әлемнің түкпір-түкпірінен қала басшылары, мамандандырылған ғылыми институттар мен инновациялық кәсіпорын жетекшілері шақырылады. Үздік жобаларымен ерекшеленген қалалар арасында Бостон, Торонто, Сидней, Хельсинки, Лондон, Гонконг, тағы басқалар бар. Өзінің үздік инновациялық жетістіктерімен ғаламды мойындатқан 10 кәсіпорынның қатарына бұл жолы Cisco, Audi, BASF, Bombardier, тағы басқалар енді. Шараға жиылған көпшілік қауым қала шаруашылығын басқару жүйесін, ондағы зияткерлік, технологиялық жобалардың үздік үлгілерін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жобасы бойынша алдыңғы қатарлы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.
«Ақылды» қала Халықаралық конгресс-көрмесі аясында Барселона мэрінің орынбасары Жерардо Писарелло мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екіжақты әріптестік кездесу өткізді. Кездесу барысында қос тарап өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Бұл орайда, Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласы туризмнің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау бағытында Барселонадан айтарлықтай тәжірибе алуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Барселона тарабы Шымкенттің инфрақұрылымы мен ауылшаруашылығы саласын өркендету бағытында инвестиция салу мүмкіндігін қарастыратындығын мәлімдеді.
Шымкент – бүгінде елдегі жер аумағы бойынша бірінші, тұрғындарының саны бойынша екінші орынға ие. 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы жобасын түзген Шымкент қаласы жергілікті тұрғындары мен саяхатшылар үшін ыңғайлы, заман талабына сай өркендеген қала ретінде аталады.