Айаруға көмек қажет

Пятница, 10 Апрель 2015 05:37 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4671 раз

Қызыл ай Қоғамы Айару Мақсатқызына көмектесу мақсатында «Пекин» мейрамханасында қайырымдылық шарасын өткізді. Оған кәсіпкерлер мен қаладағы басқарма және бөлім басшылары шақырылған. Қайырымдылық шарасынан жиналған қаржы төрт жасар Айарудың еміне жұмсалады.

M4R1105pks4Кішкентай ғана Айаруға дәрігерлер туа бітті жұтқыншақ паппиламатозы деген диагноз қойған. Оған шұғыл түрде ота жасау қажет екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  мұндай ауру түріне Оңтүстік Кореяда ота жасайды.  Бүлдіршінді аман алып қалу үшін 320 мың доллар қажет. Бұл – 4 рет жасалатын отаның бағасы. Квота бойынша бару әзірге мүмкін болмай тұр. Қызыл ай Қоғамының қызметкері Дина Танжарованың айтуынша, қайырымдылық шарасына шақырылған азаматтар Айарудың тезірек жазылып кетуіне үлес қосып, ақшалай көмектесті. Жиналған қаржы оның ата-анасына тапсырылатын болады.

Последнее изменение Пятница, 10 Апрель 2015 05:49
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.

Другие материалы в этой категории: « Ардагер аманаты Бүгiннiң батыры »