Шомылғанда абай болыңыз!

Вторник, 05 Июль 2016 06:32 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4502 раз

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқармасы ескертедi!

Жедел деректер бойынша, ОҚО аумағында жыл басынан бері 39 адам суға батып қайтыс болған, оның ішінде 27 балалар, 5 оқиға Шымкент қаласында болып отыр.
Бұл орайда Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді: Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және суға жалғыз жібермеңіздер.
Суға шомылу кезіндегі ережелер.
Қатаң тыйым салынады:
– Тыйым салынған орындарда шомылуға;
– Суда балаларды қараусыз қалдыруға;
– Қоршау белгілерінен асуға;
– Көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге;
– Таныс емес орындарда шомылуға;
– Мас күйде шомылуға.
Сіңір тартылғанда:
– Қол саусақтарының сіңірі тартылғанда – тез арада жұдырығыңызды қатты қысып, ырғақпен қолыңызды сілтеңіз және жұдырығыңызды жіберіңіз;
– Балтыр бұлшықеті тартылғанда – еңкейіп, қолыңызбен тартылған аяғыңызды табанынан ұстап, өзіңізге қарай күшпен тартыңыз;
– Бөксе бұлшықеті тартылғанда – аяғыңыздың жіліншігін тыс жағынан ұстап, тізеге қарай бүгіп, арқаға қарай тартыңыз.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
– Ең алдымен қараусыз және техниқалық ақауы бар қайықты пайдаланбаңыз;
– Құтқару және су төгетін құралдарынсыз шықпаңыз;
– Қайыққа техникалық құжатында көрсетілген лимиттен артық жолаушылар мен жүк артуға болмайды;
– Мас күйде қайықпен жүзбеңіз;
– Қайықтың бүйірінде немесе тұмсығында отырмаңыз;
– Жүзіп бара жатып, бір қайықтан екіншісіне ауысып отырмаңыз;
– Қараңғы түскенде қайықпен жүзбеңіз;
– 16 жасқа толмаған балаларды өздігінен қайықпен жүзуіне рұқсат етпеңіз.
Суға түсуге болмайды, егер:
– Қатты шаршасаңыз;
– Басыңыздан күн өтсе;
– Аш болсаңыз;
– Шөлдесеңіз;
– Аурудан жаңа айыққан болсаңыз.
Қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма және судан құтқару қызметi қала тұрғындарын суға түсу ережесiн сақтауға шақырады.

Е. САРЫБАЕВ,
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар
басқармасы бастығының міндетін уақытша
атқарушы, подполковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.