Шымкентке Германиядан дәрігерлер келді Избранное

Пятница, 26 Январь 2018 04:54 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 171 раз

Германиялық мамандар елімізде алғаш рет қолға алынып отырған «Кинестетикс» әдісін үйретуге келіп отыр. Осылайша өңіріміздің дәрігерлері балалардың сал ауруын емдеудің тың тәсілдерін меңгермек.

darigerler

Германиядан арнайы шақырылған Норберт Фельдманн және Лилия Кернер Шымкенттегі №1 облыстық балалар оңалту орталығында сал дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарымен кездесті.

Неміс мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудағы үздік тәжірибелерімен белгілі. Енді осы дәрігерлердің сал ауруын емдеудегі тәсілін күнгейлік дәрігерлер меңгеруге кірісті. Шетелде кеңінен танымал «Кинестетикс» әдісі бойынша біліктіліктерін арттырады. Бұл ғылым сал аруына шалдыққан науқастардың тірек қимылын қайта қалпына келтіруді реттеп, оңалту жұмыстарын жоғары сапада жүргізуге бағытталған.

Осы орайда сал ауруына шалдыққан балғындардың ата-аналарын қолдау аса маңызды. Мұны өзіміздің дәрігерлер ғана емес, шетелдік мамандар да айтып отыр. Себебі сал дертіне шалдыққан жанды емдеу қажырлы еңбек пен біліктілікті талап етеді. Осынау шеберлік сабақтарын меңгеру – заман талабы. Өңірлік дәрігерлер бұл сабақты 10 күннің ішінде өтеді. Кәсіби мамандарды даярлау курсы 6 ақпанға дейін жалғасады. Сабақ соңында қатысушылар халықаралық сертификатқа ие болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.