Шымкентте моңғол дәрігерлері ота жасауда Избранное

Среда, 11 Апрель 2018 04:45 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 395 раз

Шымкент қаласында Моңғолиядан келген дәрігер-онкологтардың қатысуымен шеберлік-сабағы өтуде. Жергілікті дәрігер-онкологтар бауырдағы қатерлі ісікті хирургиялық әдіспен емдеу барысында моңғолиялық әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

shymkala-28-8

Облыстық онкологиялық диспансерде жасалған отаға Моңғолия Ұлттық қатерлі ісік орталығының директоры Жигжидсурэн Чинбурен қатысты. Ж.Чинбурен – бауыр, өт жолдарының және ұйқы безінің қатерлі ісігін емдеудің үздігі. Мұндағы жаңа әдістің артықшылығы науқас ота жасау кезінде бұрынғыдай көп мөлшерде қан жоғалтпайды. 

– Біз бауыр обырымен және ұйқы безі басының қатерлі ісігімен тіркелген 4 науқасты отаға дайындадық. Ж.Чинбурен – әлемдік деңгейдегі білікті, гепатопанкреатобилиарлық хирургия саласын жетік меңгерген дәрігер-онколог. Бүгінге дейін шетелдік әріптесімізбен бірлесе отырып, 3 жылда 80 ота жасадық. Бір қуантарлығы, медициналық техниканың дамуына байланысты қазіргі таңда бауырға түрлі ем жасай аламыз. Бізде трансплантация қолға алынғанымен, обыр табылған бауырды ауыстыру болмаған. Ұлан-Баторда қолданысқа енген бұл әдісті облыстық онкологиялық диспансерде тәжірибеге енгізіп, трансплантация мүмкіндіктеріне онкология саласында да жол ашсақ деген мақсатымыз бар, – дейді дәрігер-онколог Алмас Орманов.

Бауыр қатерлі ісігіне байланысты 40 отаға қатысқан дәрігердің айтуынша, обырдың І кезеңінде және ота мен емді көтере алатын қосымша ауруы жоқ науқастарға ІІ кезеңінде де көмектесу мүмкіндігі бар. Бастысы, науқас дер кезінде маман кеңесіне жүгінуі тиіс. Жигжидсурэн Чинбурен бастаған моңғолиялық білікті дәрігерлер Мендхаргал Адилсайхан, Рамиш Асай, Пуревбаатар Бат-ирээдуйдің шеберлік-сабағы 12 сәуірге дейін жалғасады.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

Другие материалы в этой категории: « Басты байлық – денсаулық СУИЦИД оған не себеп? »