40 көпқабатты үй жөнделеді

Пятница, 14 Апрель 2023 07:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 702 раз

ui-jondeu

Шымкентте жыл соңына дейін 40 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, биыл коммуналдық меншіктегі 20 тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Былтыр қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіре берісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды.

Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен және жергілікті атқарушы органдарға жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізіледі.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не өтінім бере алады. Өтінім Республика даңғылы №12«А» (3-қабат) мекенжайында қабылданады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.