СУ АРНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР Избранное

Пятница, 04 Август 2023 04:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 822 раз

Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның үшеуінің құрылысы аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, жауапты басқарма мен мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті.

792

 

Аталған су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарларға шолу жасады. Каналдың жалпы ұзындығы –14,1 шақырым.
Су арнасының жұмыстарына жауапты мердігер мекемеден 17 техника және елуге жуық жұмысшы тартылған. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40%-ы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба биылғы жылдың қазан айында аяқталу белгіленген.
Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына су арнасын пайдаланатын шаруалармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарын тұрғындарға тиімді етіп ұсынуды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.