ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ І-КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 345 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты.

231

 

Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі аяқталса, жоба бойынша нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қала әкімі мердігерге терминалдың құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.