Пандустар орнатылды

Пятница, 13 Май 2016 09:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4310 раз

Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедектердің қол жетімді ортасын құру мақсатында жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейін «Біз біргеміз» атты акциясын өткізу жоспарланған.

123

Аудан әкімдігі тарапынан медотикалық көмек көрсетуге және зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы топ құрылып, Абай ауданындағы 17 көше араланып, 405 жеке меншік нысанмен жұмыс жүргізілді. Оның ішінде анықталғаны 64 нысанда пандус орнатылған, ал орнатылмаған 341 нысанға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пандустарды орнату жөніндегі ескертпелер таратылды.
Қазіргі таңда ауданымыздағы мемлекеттік нысандарда: мектеп, аурухана, кітапхана, әлеуметтік қорғау мекемелері және аудандағы ірі сауда үйлерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толыққанды және жайлы өмір сүруіне жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орындарға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасау, олардың қоғамда өзін толыққанды азамат ретінде қабылдауына көмек көрсету – баршамыздың адами борышымыз деп санай отырып, барлық жеке меншік нысан иелеріне акцияға толыққанды қатысып, мұқтаж жандарға жағдай жасауын сұраймыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.